Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін Ақжайық ауданында болды. Сағат 03.29-да Атырау-Орал жолының 259-шақырымында Атамекен ауылынан 10 шақырым жерде екі «Тойота Камри» автокөлігі соқтығысты.
Соның салдарынан екі көліктегі 4 жолаушы қайтыс болып, алты адам Тайпақ ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, ауа райына байланысты жолды 26 ақпан сағат 00.00-ден бастап жабу туралы шешім қабылданған болатын. Алайда, такси жүргізушісі полицейлердің заңды талабына бағынбаған. Соның салдарынан екі көлік бір-біріне бетпе-бет соғылған.Такси жүргізушісінің полицейге бағынбағаны туралы бейнежазба бар.