Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Басты жаңалықтар

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанармай бағасының өсуіне байланысты пікір білдірді

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар АИ-92 және Аи-95 жанармай бағасының өскенін айтып, шағымданып жатыр. Кеше түнде, 25 ақпан күні Nomad Oil компаниясы АИ-92 160 теңгеге, АИ-95 185 теңгеге өсірген. Aikyn.kz ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінен бағаның өсу себебін сұрады.

Мейірім Бақытжанова
Ақпан 26, 2021
Басты жаңалықтар, Қазақстан, Экономика
жанармай

Фото: Canva Pro

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Отын-энергетика кешені департаментінің басшысы Бақтияр Басқақовтың айтуынша, мемлекет жанармай бағасының өзгерісін бақылай алмайды. Ал агенттік бағаның негізсіз көтерілгені туралы шағым түскенде ғана тиісті шара қолданады екен.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жанармай бағасы жөнінде шағым түспеген.

«Мемлекет жанармайдың бағасын бақылай алмайды. Бағаның өсуін немесе түсуін нарық реттейді. Жанармай бағасы да кинотеатр билетінің, жылжымайтын мүліктің бағасы сияқты бақылауға келмейтін, тек нарықтағы жағдайға байланысты реттелетін сала. Агенттікке бүгінге дейін жанармайдың қымбаттағаны туралы шағым түскен жоқ. Сондықтан біз мұндай мәселені қозғай алмаймыз», – дейді Бақтияр Басқақов.

Алматыда жанармай бекетін тонау сәті видеоға түсіп қалған

Қайта қону үшін жанармай жағылған

Қазақстан жанармай импортына салынған тыйымды ұзартты

Агенттік өкілінің айтуынша, кез келген азамат тауар бағасының негізсіз өскенін немесе бағаға қатысты қандай да бір заңсыздықтарды көрсе, Аумақтық бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне шағымдана алады. Содан кейін ғана тиісті шаралар жүргізіледі.

Бақтияр Басқақовтың пікірінше, әдетте жанармай бағасы нарықта тапшылық болғанда өседі.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ресейде биыл қаңтарда жанармай бағасы өткен аймен салыстырғанда 1%-ға өскен. Сонымен бірге қазір Ресейдің кей аймағында жанармай тапшылығы байқалған.

Айта кетейік, Energyprom.kz зерттеуінше, Қазақстандағы жанармайдың орташа бағасы 170 теңге. Ең арзан жанармай рейтингінде Қазақстан 167 елдің ішінде 8- орында тұр.

 
Тегтер: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіжанармай
Алдыңғы жаңалық

Есірткі мен ішімдікке салынған ата-ананың баласына кім жауапты?

Келесі жаңалық

Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Ұқсас жаңалықтар

вакцина, Қазақстан, коронавирус, ауру
Жаңалықтар

Қазақстанда 12 сәуірге дейін коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адамдар туралы мәлімет жарияланды

Сәуір 12, 2021
пара, судья, Шығыс Қазақстан
Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда жұмыс кезінде ішімдік ішкен судьялар қызметінен кетті

Сәуір 12, 2021
коронавирус, ауру, науқас, Қазақстан
Жаңалықтар

Бір күнде 2300-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Сәуір 12, 2021
Нұра, Қарағанды облысы, ер адам, көлік, Полиция департаменті
Жаңалықтар

Қарағанды облысында жоғалған ер адамның көлігі табылды

Сәуір 12, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 12 сәуірге дейін коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адамдар туралы мәлімет жарияланды

Сәуір 12, 09:39

Бір тәулікте қанша адам пневмонияға шалдықты?

Сәуір 12, 09:22

Автокөлікті жалға алып, бөлшектерін ұрлаған ер адам ұсталды

Сәуір 12, 09:08

Шығыс Қазақстанда жұмыс кезінде ішімдік ішкен судьялар қызметінен кетті

Сәуір 12, 08:31

Бір күнде 2300-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Сәуір 12, 08:10

Қарағанды облысында жоғалған ер адамның көлігі табылды

Сәуір 12, 07:41

Биыл докторантураға түсу ережесіне қандай өзгерістер енгізілді?

Сәуір 12, 07:16
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

вакцина, Қазақстан, коронавирус, ауру

Қазақстанда 12 сәуірге дейін коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адамдар туралы мәлімет жарияланды

Сәуір 12, 2021
пневмония, ауру, коронавирус, науқас

Бір тәулікте қанша адам пневмонияға шалдықты?

Сәуір 12, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»