Аязда Теміртау тұрғындары жылусыз қалды
Аязда Теміртау тұрғындары жылусыз қалды
5,119
оқылды

Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов тұрғындардан кешірім сұрады.

Мамандар екі қазандықты сағат 11.00-де және 13.00-де қосуға уәде берді.

Қала әкімі Қайрат Бегімов: «Арселор Миттал Теміртау» ЖЭО-2 қазандық жабдығындағы жөндеу жұмыстарына байланысты қалаға жылу төмен температурада беріледі. Жөндеу бригадалары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қала тұрғындарынан кешірім сұраймын», – деді.

Әкім тұтынушыларға жылу үшін қайта есептелу жүргізілетініне сендірді. Теміртауда ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендеді, желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетті.

«26 ақпан күні сағат 07.00-де ЖЭО-2-де 3 қазандық жұмыс істеп жатыр. Жөндеу жұмыстары екеуінде аяқталды. Бұл қазандықтарда сәйкесінше, 06.30 және 06.40-та от жағылды. Қазандар желіге сағат 11.00 және 13.00-де қосылады, жалпы қала бойынша жылу сағат 13.00-ге дейін қалпына келтіріледі», – дейді әкім.