Отандық өнімді менсінбейді
Отандық өнімді менсінбейді
103
оқылды

«Казцинк», «Қазақмыс», «Арселор Миттал» компа­ния­лары қазақстандық өнімді сатып алмайды. Бұл тұрғыда оларда жауапкершілік жоқ. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, әрбір ұлта­ралық компанияның экология мен шетелден жұмыс күшін тартудағы міндетінен бөлек, өзіндік әлеумет­тік міндеттемелері бар. Соның бірі – жергілікті шағын және орта бизнесті қолдау, яғни қазақстандық өнімді сатып алу.

«Теңізшевройл» жақында тұңғыш рет тауарды сатып алу жос­парын жариялады. Біреуге бұл өз­геріс еш жаңалық болмауы мүмкін. Бірақ бұл салада бірнеше жыл жүрген мен үшін ол – маңыз­ды ақпарат. Сол секілді тағы бір ірі компания сатып алу жоспарын жа­сауға дайын екенін айтып, отан­дық тауарлардың реестрін сұрады. Сондықтан бұл жұмыс кү­шей­тіледі», – деді палата басшысы.

Оның айтуынша, шетелден жұмыс күшін тартудан бөлек, ірі компанияларға отандық тауар­ларды өткізуге де назар аударып, қоғам болып ықпал етуіміз керек. Отандық тауардың бағасы мен сапасы лайық па – сатып алсын, өйтпесе Қанат Бозымбаев айтқан­дай, лицензияны қайтарып алуға дейінгі шара қабылдаған жөн.

«Казцинк», «Қазақмыс», «Ар­селор Миттал» ешқашан отандық өнімді сатып алмайды. Жауап­кершілік деген атымен жоқ. «Қа­зақмыс» қажеттіліктің 50 пайызын алып отыр. «ERG» компаниясы да серіктестікке дайын. Егер біз ойлы протекцияны қолға алмасақ, отандық тауарды өсірмек түгілі, қолдағы барымыздан айырылып қалуымыз мүмкін», – дейді ол.

Баспасөз мәслихатында «Ата­мекен» кәсіпкерлер палатасы жа­нынан импортты алмастыру жө­ніндегі кеңес құрылатыны белгілі болды. Кеңес алаңында бизнес-қоғамдастық уәкілетті мемлекеттік органдармен, ұйымдар­мен бірле­сіп, жергілікті қамтуды және рет­телетін сатып алу жүйесін, кеден-тариф саясатын, техникалық рет­теу, шикізат базасын дамыту, инф­ра­құрылымдық даму, мемле­кеттік қолдау шараларының тиім­ділігін арттыру, өнеркәсіптік коопера­цияны дамыту, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі дамуына бай­ланысты басқа мәселелерді талқылайды.

 

Айдана БЕГІМ