Алимент қоры жарылқай ма?
Алимент қоры жарылқай ма?
115
оқылды

Қазақстанда 202 мыңнан аса адам алимент тө­лейді. 197 мыңдайы – еркек, қалғаны – әйел. Ба­ла­ларымен жалғыз қалған мыңнан астам ер мен әйел бұрынғы жұбайынан «өтемақы» өндіруге тырысып жа­тыр. Оларға Алимент төлеу қоры көмекке келмек.

Заң бойынша өз отбасын тас­тап кеткен азамат ай сайын бір балаға – табысының төрттен бір бөлігін, екі балаға – үштен бір бөлігін, үш және одан көп ба­ла­ға – жалақысының жар­ты­сын аударып тұруға міндетті. Әйт­се де, көбі не жұмыссыз, не рес­ми жалақысы жоғын көрсе­теді.

Әділет министрі Марат Бе­ке­таев жаңа қор өз шаңырағын күйреткен адамдардың барлы­ғы­на бірдей тегін ақша тарат­пай­тынын мәлімдеді.

«Қаржы үлестіру деген бол­май­ды. Сондай-ақ қордың құ­рылуы өз міндеттемесінен қа­шып жүргендердің борышынан құ­ты­латынын да білдірмейді», – деді ведомство басшысы.

Ол ұқсас қорлардың екі не­гізгі түрі бар екенін жеткізді.

– Біріншісі – кредиттік, екін­шісі – қайырымдылық мо­де­лі. Алғашқысы банк несиесі қа­ғидатына сай жұмыс істейді, яғ­ни азамат жалақысы қолға ти­генге дейін осы қордан али­мент төлеуге қарыз алады. Финлян­дияда құрылған бұл қор еш­кімге де тегін қаржы бер­мей­ді. Ұстаным өте қатаң, жұмыс­сыз қалдың ба, қысқаруға ілік­тің бе, қарыз ал, міндеттемеңді тө­ле, артынан берешекті қай­тар, – деді Марат Бекетаев.

Екінші – қайырымдылық мо­деліне сәйкес ақша қай­та­рым­сыз негізде беріледі. Бірақ одан барлығы бірдей үміттене ал­майды. Әрі бір алғанға келесі жо­лы беруден бас тартылып та жа­тады.

Әділет министрі қазіргі кез­де Қазақстанның таңдауы осы қайырымдылық үлгісіне түсіп отырғанын айтады.

«Қор ең күрделі жағдай­лар­да, мысалы ауыр дертке шал­дықса, әлеуметтік ахуалы на­шар­ласа, төлеуге басқа мүм­кін­дігі болмаса ғана қаражат ұсы­на­ды. Бұл модель комиссия құру­ды қарастырады. Құрамына бе­делі жақсы, тәжірибелі ма­ман­дар кіреді, кімге қайтарым­сыз қаржы берілетіні, ал кімге беруге болмайтыны туралы ше­шімді де солар қабылдайды. Яғ­ни, осы тұлғалар комиссия жұ­мысына шақырылып, түскен құ­жаттарды қарайды, кімге қан­ша берілуі керегін баға­лай­ды. Мысалға, біреуге 100 мың теңге, ал басқасына тіпті 500 мың теңге ұсынылуы мүмкін», – деді Әді­лет министрі.

Дегенмен бұл әзірге анық емес, енді әдіс-тәсілдер түзіледі, оған сай, не әр адамға қа­жет­ті­лі­г­іне қарай әртүрлі төленеді не­месе барлығына бірдей сома ұсы­нылады. «Бұл мәселелерді па­лата мен комиссия шешеді» де­ді М.Бекетаев.

Қор жұмыс істеуі үшін мем­ле­кет бюджет қаражатын шы­ғын­дамайды. Оның қазынасын рес­публикалық палата мүшеле­рі мү­шелік жарна және ерікті қайы­рымдылық қаражаттар есе­­бінен қалыптастырмақ. Жар­­на көлемі шағын қала­лар­да­ғы сот орындаушысы үшін 50, ал ірі қалалардағысы үшін 200 АЕК аралығында болады деп жос­парлануда. Оны олар пала­таға мүше болып кіргенде бір рет төлеуі керек. Қаржы шек­­теу­лі болғандықтан, қор жы­лы­на 10-20 адамға ғана кө­мек­тесе ала­тыны мәлім болды.

 

Елдос СЕНБАЙ