Бір тәулікте жолда қалған 100-ден астам адам құтқарылды
Бір тәулікте жолда қалған 100-ден астам адам құтқарылды
5,089
оқылды

Жедел штаб республика  бойынша жұмыс істейді. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, ауа райына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 22 учаскесі және  9 өңірде 32 облыстық маңызы бар учаске жабылды.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында жол бөлігі жабылды. Бекеттерде Қостанай, Павлодар, Қарағанды облысында барлығы 678 автокөлік және 1083 адам тұр. Жабық жол учаскелерінде халықты эвакуациялау үшін 473 жылыту пункті дайын. Қазіргі уақытта Қостанай,  Павлодар, Қарағанды облысандағы жылыту пункттеріне 186 адам жеткізілді. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында  90 адам құтқарылды.

Құтқару жұмысына барлығы 892 адам, 534 техника жұмылдырылды. Ауа райы туралы 38 SMS хабарлама, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 42 хабарлама жіберілді.