18 қаңтарға арналған ауа-райы болжамы
18 қаңтарға арналған ауа-райы болжамы
5,113
оқылды

Еліміздің басым бөлігінде қар жауады.

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы туралы "Қазгидромет" хабарлады.

"Қазақстанның ауа райы күрт өзгеруі күтілмейді. Атлантикадан ауысатын атмосфералық фронттар республика аумағына жылы және ылғалды ауа массасын әкеледі",-деп атап өтті синоптиктер.

Көптеген аймақтарда қар жауады.

Республиканың солтүстігінде боран соғып, күшті жел тұрып, оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.

Солтүстік жартысында ауа температурасы нормадан 3-8 градусқа жоғары болады,оңтүстік облыстарда нормаға жуық болады.