Алматы облысында АН-2 ұшағының неліктен шұғыл қонғаны белгілі болды

Алматы облысында АН-2 ұшағының неліктен шұғыл қонғаны белгілі болды

Алматы облысында АН-2 ұшағының неліктен жерге қонуға мәжбүр болғаны анықталды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. Оның айтуынша, ұшақ қозғалтқышының істен шығуына байланысты шұғыл түрде жерге қонуға мәжбүр болған. Ұшақта 2 экипаж мүшесі және 3 жолаушы болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Ұшақ оңтүстік бағыттағы ұшу-қону жолағынан 1,5 шақырым жерге​ қонды. Оқиға орнына ТЖД (7 қызметкер мен 2 техника) және «Боралдай» аэродромы авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандары (15​ қызметкер мен техника) барды.​ Бұған дейін Алматы облысында Ан-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болғанын хабарлаған болатынбыз.