Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды

1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толады.

Рая Мінап
Ақпан 26, 2021
Жаңалықтар, Nur Otan, Қазақстан
Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті.

Оның айтуынша, 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толады. Осынау айтулы күннің қарсаңында еліміз бойынша мыңнан астам белсенді азамат партия қатарына қосылды. Олардың арасында азаматтық қоғам, білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, мәдениет пен спорт саласының өкілдері бар.

«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, нұротандықтардың басты принциптері – жауапкершілік, командалық рух және партия идеалдары мен құндылықтарына берік болу. Біз Жарғы талаптарына сәйкес партиялықтардың сапалық құрамын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырамыз. Сондай-ақ, партия жақтастарының институты кеңейтіледі», – деді ол.

Бауыржан Байбек атап өткендей, алдағы электоратаралық кезеңде Елбасы «Nur Otan»-ның жұмысын толықтай қайта құруды және сайлауалды уәделердің іске асырылуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

«Nur Otan» партиясы қазақстандықтардың түйінді мәселелерін шешуге көмектеседі

«Nur Otan» партиясы сапалы ауыз суға қол жеткізе алмай жүрген тұрғындардың мәселесін шешті

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 9 отбасы заңсыз түрде баспаналы болған

«Партия Лидерінің фракциялар жұмысын күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес біздің депутаттардың қоғамдық рейтингі енгізіледі. Партиялық тізімдерде резервте тұрған 2 мыңдай азамат, сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдар тартыла отырып, партия қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылымдалатын болады», – деп мәлімдеді партия Төрағасының бірінші орынбасары.

Сондай-ақ, ол өз жазбасында «Электронды партия» жобасын жандандыру аясында Үкіметпен бірлесіп әр өңір, қала және аудан бойынша сайлауалды бағдарламалар шеңберіндегі жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу үшін цифрлық платформа әзірленетінін айтты.

«Партия Лидері айтқандай, «Nur Otan»-ның аппараты пандемия кезеңінде тұрғындармен нақты жұмыс жүргізуге бағдарлануы тиіс. Ел көлеміндегі 234 қоғамдық қабылдау бөлмесі өзара әрекет жасаудың проактивті форматына көшуі тиіс. Оның ішінде әлеуметтік желілер де қамтылуы қажет. Осыған байланысты алға қойылған жаңа міндеттер ескеріле отырып, қоғам қайраткері Әлия Садырбаева партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы болып тағайындалды. Оның заң және қоғамдық ұйымдар саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар», – деп жазды Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, соңғы жылда партияға 393 мыңнан астам өтініш келіп түскені айтылды. Бұл – 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. 5 жыл ішінде партияға 1,2 млн. адам жүгінсе, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн-форматта жүгінген. Олардың 92%-ы оң шешімін тапты, тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді.

 
Тегтер: Бауыржан Байбекжоспарпартия
Алдыңғы жаңалық

29 мұғалім жалған дипломмен сабақ берген

Келесі жаңалық

Нұр-Сұлтан бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Ұқсас жаңалықтар

Солтүстік Корея
Әлем

Солтүстік Кореяда қашықтан оқуды тиімді жүзеге асыра алмаған шенеунік өлім жазасына кесілді

Сәуір 11, 2021
Түркістан, Керуен-сарай
Жаңалықтар

Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды

Сәуір 11, 2021
коронавирус, өңір
COVID-19

Қазақстанда тағы бір өңір «жасылдан» «сары» аймаққа өтті

Сәуір 11, 2021
жүргізуші, жол-көлік оқиғасы, Қорам ауылы
Жаңалықтар

59 жастағы такси жүргізушісі оқушыны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Сәуір 11, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Кореяда қашықтан оқуды тиімді жүзеге асыра алмаған шенеунік өлім жазасына кесілді

Сәуір 11, 12:37

Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды

Сәуір 11, 11:21

Қазақстанда тағы бір өңір «жасылдан» «сары» аймаққа өтті

Сәуір 11, 10:57

59 жастағы такси жүргізушісі оқушыны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Сәуір 11, 10:29

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 24 адам қайтыс болды

Сәуір 11, 10:07

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсті

Сәуір 11, 09:53

Қосшы ауылында жоғалған 6 жасар қыз елордадан табылды

Сәуір 11, 00:31
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Солтүстік Корея

Солтүстік Кореяда қашықтан оқуды тиімді жүзеге асыра алмаған шенеунік өлім жазасына кесілді

Сәуір 11, 2021
Түркістан, Керуен-сарай

Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды

Сәуір 11, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»