Мәдениет және спорт вице-министрінің не себепті ұсталғаны белгілі болды
Мәдениет және спорт вице-министрінің не себепті ұсталғаны белгілі болды
110
оқылды
Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің не себепті ұсталғаны белгілі болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты.
«Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол букмекерлік қызмет саласы мүддесіне лоббиі мен жалпы қамқорлығы үшін заңды тұлға құрылтайшысынан пара алу күдігіне ілінді», - деді ол брифинг барысында.
Оның айтуынша, сот санкциясымен пара алушы мен пара берген күдікті қамауға алынды.
«Бұдан басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды», - деді Данияр Бекайдаров.
Бұған дейін Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ұсталды деген сөз шыққан болатын.