Ақтөбе облысы аумағында 22 вагон рельстен шығып кетті

Цистерна ішіндегі жанар-жағармай төгілді.

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ұлпан станциясында 22 вагон рельстен шығып кетті. Жедел түрде оқиға орнына «ҚТЖ» ҰК  65 қызметкері және 2 қалпына келтіру, 2 өрт сөндіру пойызы, Төтенше жағдайлар департаментінен 9 қызметкер мен 3 бірлік техника аттанды.

«Рельстен шыққан 13 цистернаның жетеуіндегі бензин, дизельді отын мен керосин төгілді. Рельс бойындағы электр тогы сөндірілді, өрт шықпас үшін төтенше жағдайлар қызметі арнайы көбік шашты. Енді екі рельс бағытының бірін қалпына келтіріп, жолаушылар қатынасын жандандыру қажет. Мамандар қалпына келтіру жұмысын жалғастырып жатыр», - деді облыстық ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.