МакГрегор-Серроне: UFC супер жекпе-жегін қайдан көруге болады?
МакГрегор-Серроне: UFC супер жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Тікелей эфир 19 қаңтар күні таңғы 09:00-ге жоспарланған.

19 қаңтарда UFC 246 турнирі өтпек. Оның басты жекпе-жегінде ирландиялық жұлдыз Конор МакГрегор мен АҚШ файтері Дональд Серроне кездеседі.

Шоу Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да өтеді, ал тікелей эфирде оны Kazsport арнасынан көруге болады. Трансляцияның басталуы 19 қаңтар күні сағат 09.00-де жоспарланған.

Конор МакГрегор мен Дональд Серроне айқасы қарсаңында ресми салмақ өлшеу өтті. Екі жауынгер бірдей салмақ көрсетті - 170 фунт (77,1 килограмм) және жартылай орта салмақ лимитінен асқан жоқ.

31 жасар Макгрегор 2018 жылдың қазан айынан бері сезізбұрышқа көтерілген жоқ. Онда Ноториус жеңіл салмақтың чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагамедовтен қылғындыру әдісімен жеңілген болатын. Өз кезегінде, 36 жасар Ковбой да соңғы кездесулерінде қатарынан екі рет жеңілді.Соңғы рет өткен жылдың қыркүйегінде өткен жекпе-жекте американдық Джастин «Шоутайм» Гэтжиден нокаутпен ұтылған болатын.

https://youtu.be/Bp3MLEFcrAw