Мемлекет басшысы Қазақстанның Италия мен Малайзиядағы елшілерін тағайындады
Мемлекет басшысы Қазақстанның Италия  мен Малайзиядағы елшілерін тағайындады
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісін және Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Ерболат Нәсенұлы Сембаев Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне, Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.