7 өңірде ескерту жарияланды

7 өңірде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның 7 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады. 27 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Қызылорда қаласында 27 ақпанда тұман күтіледі. 27 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қостанай қаласында күндіз 27 ақпанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 27 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа жетеді. 27 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз кей жерлерінде күші 15-20 м/с-қа жетеді. 27 ақпанда түнде кей жерлерінде 35-38 градус қатты аяз қүтіледі. 27-28 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 27 ақпанда Ақмола облысының батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. 27 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ақтөбе қаласында 27 ақпанда күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.