Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Қарағанды облысында жолда қалған 79 адам, оның ішінде 7 бала құтқарылды,– деп хабарлайды inform.kz. Құтқару жұмыстарының бірі Теміртау қаласында «Алматы – Екатеринбург» автожолында жүргізілді. 52859 әскери бөлімінің күшімен қар құрсауында қалған автокөліктерден 17 адам құтқарылды. Тағы бір құтқару жұмысы Шет ауданында жүргізілді. Қызылқой ауылы маңында «Алматы – Екатеринбург» автожолында қар құрсауында тоқтап қалған жедел медициналық жәрдем автомобилі мен жеңіл автокөліктен 9 адам құтқарылды. Сонымен қатар, Бұхар Жырау ауданында «Қарағанды–Аягөз–Бұғаз» автожолының 52-ші шақырымында, Ботақара кентінен 5 шақырым жерде ТЖД күшімен қар құрсауында қалған автокөліктерден 37 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Құтқарылғандарды Қарағанды қаласына жетуіне көмектесті. Бұқар Жырау ауданының Тоғызқұдық ауылынан 9 шақырым және Доскей ауылынан 10 шақырым жерде ТЖД күшімен 9 адам құтқарылды.