1 наурыздан бастап әскерге шақыру науқаны басталады
1 наурыздан бастап әскерге шақыру науқаны басталады
13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады. Бұл туралы Қарулы Күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов мәлімдеді. Оның айтуынша, әскерге шақырылушылардан екі рет, яғни, әскерге шақыру кезінде және әскери бөлімдерге келген кезде ПТР тест алынады.
«Жаңа шақырылушыларға екпе жүргізу қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылады. Биыл шақырылуға жататын азаматтарды хабардар етудің жаңа тәсілі қолданылатын болады», – дейді Сәкен Жүсіпов.
Пандемия жағдайында қарым-қатынасты азайту үшін цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 сервис қызметі пилоттық режимде SMS- хабарламалар жібереді.