Суперкубок матчтарына көрермен келуіне рұқсат етілді
Суперкубок матчтарына көрермен келуіне рұқсат етілді
Түркістан облысының мемлекеттік санитар дәрігері Нұрбек Нышанов Қазақстан Суперкубогы матчтарына көрерменнің келуіне рұқсат берілді. Жаңа қаулыға сәйкес, келетін көрермен саны стадион сыйымдылығынан 30% аспау қажет. Сондай-ақ көрермендер 1,5-2 метр арақашықтық сақтауы керек. Биыл 2-6 наурыз аралығында Қазақстан Суперкубогы ойындары «Түркістан-арена» стадионында өтеді. Турнирге былтырғы Қазақстан чемпионы («Қайрат»), чемпионаттың жүлдегерлері («Тобыл», «Астана») және біріншілікте 4-орын алған команда («Шахтер») қатысады. Суперкубок екі жартылайфиналдық матч (2,3 наурыз), 3-орын үшін ойын (5 наурыз) және финалдық кездесуден (6 наурыз) тұрады.