Сертификаттан шыққан дау
Сертификаттан шыққан дау
178
оқылды

«Атамекен» ұлттық кәсіпкер­лер палатасы мүгедектер қауым­дас­тығы тарапынан түскен ш­а­ғым­дар­ға қатысты мәлімдеме жа­сады. Мү­гедектер ұйымдары па­лата үлес­­тіретін Индустриялық сер­ти­фи­катқа қатысты дау шы­ғар­ған еді.

Палата Индустриялық сертифи­кат­тарды 2019 жылдың сәуір айынан бастап беру­ді бастаған еді. Бірақ мүгедектер ұйым­дарына сертификатты беру кезінде кем­шіліктер анықталған. Мысалы, бұл ұйым­дардың өндірістік жай-күйін баға­лауға арналған спецификалық салалық санаттар жоқ болып шыққан. Бұл аталған ұйымдардың сертификатты жалпы не­гіз­де алуына әкеп соғады. Сондықтан «Ата­мекен» мүгедектер бірлестіктеріне өн­діру­ші-мүгедектер ұйымдарын бір арнаға то­ғыс­тырып, өз ұйымдарына арналған са­лалық критерийлерді әзірлеуді ұсынды. Палата аталған қауымдастыққа бухгал­терлік, заңгерлік және салықтық кеңес беруге, басқа да сервистік қызметтерді тегін көрсетуге дайынбыз деп отыр.

Қазіргі таңда мүгедектер ұйымдары­ның бірыңғай мемлекеттік тізілімі қарас­ты­рылмаған (2018 жылдың желтоқса­ны­нан бастап «Сатып алулар туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес Еңбек ми­нистрлігі мұндай тізілімді жүргізбейді), сонымен қатар мүгедектер ұйымдары үшін өндіріс жағдайын бағалаудың жал­пы тәсілдері мен өлшемдерін тұжы­рым­дайтын қауымдастық құрылмаған. Осыған байланысты дискриминация­лайтын нормаларға жол бермеу мақса­тын­да «Атамекен» палатасы тиісті санат­тар­ды әзірлегенге дейін Индустриялық сер­тификатты беру қағидасына өзге­рістер енгізу туралы шешім қабылдапты.

Палата дерегінше, шағымдардың ба­сым бөлігі жиһаз және жеңіл өнеркәсібіне (215-тің 160-сы) тиесілі, соның ішінде мүге­дек­тер ұйымдарынан келген шағым көп. Олар мү­гедектер ұйымдары мемле­кеттік сатып алу­лардан тыс қала ма деп алаңдайды. Бұ­лай алаң­дауға негіз жоқ. Себебі «Мемле­кет­тік сатып алулар тура­лы» заңға сәйкес, мү­гедектер ұйымдары­нан бірінші кезекте са­тып алу басымдығы ту­ралы талап белгі­лен­ген. Бұл норма заң­да 2002 жылдан бері бар.

«Атамекен» осы жағдайға байланысты Қар­жы министрлігіне мемлекеттік сатып алулар қағидаларын қолданыстағы заңға сәйкестендіруді және мүгедектер ұйым­да­рына Индустриялық сертификаттың бо­луы туралы талапты қолданбауды ұсын­ды.

«Жиһаз өнімдерін өткізуге дейін кә­сіп­орыннан қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша аккредиттелген зертханаларда сынақтан өту талап етіледі. Ал Батыс Қа­зақстан облысында ондай зертхана жоқ, сондықтан кәсіпкерлер тауарларын сараптамадан өткізу үшін өзге өңірлерге апаруға мәжбүр, бұл кәсіпкерге қосымша шығын әкеледі. Осыған байланысты Сау­да және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті аталған мәселеге назар аударып, сәйкестікті растаудың қажетті инфра­құры­лымымен қамтамасыз етуі қажет деп са­наймыз» делінген хабарламада.

Ұлттық палата алдағы 22 қаңтарда жеңіл және жиһаз өнеркәсібі саласындағы мүге­дектер ұйымдары қауымдастықтары мен бірлестіктерінің қатысуымен кеңей­тілген жиын өткізуді жоспарлап отыр.