Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Nur Otan

Азаматтардың өтініші ескерусіз қалмайды

«Айқын» ақпарат
Ақпан 27, 2021
Nur Otan, Жаңалықтар, Қазақстан
азаматтар

«Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтардан бөлек министрмен тікелей эфир арқылы бірнеше өңірден тұрғындар байланысқа шығып, әрқилы мәсе­лелер бойынша сұрақтарын қойып, өтініштері мен шағымдарын қоса жеткізді.

Министрмен тілдескен Маң­ғыстау облысының кәсіпкерлері облыс аумағындағы екі газ желісі ұйымының жұмысына наразы­лығын білдірді. Сонымен қатар олар жанармай құю бекетіндегі сұйы­тылған мұнай газының мак­симал бағасы 50 теңгеден аспауы керек еке­нін айтты. Бірақ көп­теген жанар­май құю бекеті оны еле­мей отыр­ғанын және литрінің бағасы 70 теңгеге жеткенін ашына айтты.

Жеке кәсіпкерлер наурыз айы­нан бастап бір литр көгілдір отын­ның құны 80 теңгеге дейін өсетінін, тіпті одан да жоғары болатынына сенімді.  Өйткені шекті рұқсат етіл­ген баға алынып тасталған. Олар өз жорамалдарын 1 наурыздан бастап «Жанармай құю бекеттерінде авто­көліктерге жанармай құю үшін ТМД елдерінің бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» бұйрығын тоқтату жоспарланып отырғанымен түсін­дірді. Өз кезегінде Энергетика ми­нистрлігінің өкілдері жоба келісіліп тіркелгенін және жақын арада оның БАҚ-та ресми жарияланатынын хабарлады.

Басты міндет – халыққа берілген уәдені орындау

Мал ұстап, кәсібін жандандырған келіншек

Еміне көмек сұраған тұрғынның мәселесі шешілді

Өзге де кәсіпкерлер министрге бірқатар фактордың жанармай құю стансасындағы газдың қымбат­тауына ықпал ететінін, бүгінде жанармай құю бекеттерінің кейбірі толығымен жабылғанын да сөз етіп, себептерін айтып берді.

Азаматтардың шағымдары мен ескертулерін тыңдаған Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев бұл мә­селені жеке бақылауында ұстай­тынын және бұған арнайы бақылау жасайтын жұмыс тобы құрылғанын да тілге тиек етті. Сондай-ақ қо­ғам­дық қабылдауды қорытын­ды­лаған министр азаматтардың барлық өтініші жан-жақты зерделеніп, мәселелерді шешу жолдары бойын­ша тиісті іс-шаралар қолға алы­на­тынын жеткізді.

Айта кету керек, өткен жылы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне еліміз бойынша 393,2 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылмен салыстыр­ғанда 2 есе көп. Бұл ретте соңғы 5 жылда партияға 1,2 млн адам жү­гінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн-форматта. Олар­дың 92%-ы оң шешімін тапты, тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді.

Әбілмансұр ЖАСАН

 
Тегтер: Nur Otanазаматтарқоғамдық қабылдауНұрлан Ноғаевөтініш
Алдыңғы жаңалық

Боранды күні үйінен шығып кеткен ер адамның денесі табылды

Келесі жаңалық

Еуразиялық экономикалық одақтың шарттарын қарайды

Ұқсас жаңалықтар

 Жамбылдық кәсіпкерлер Рамазан айынан бастап  ішімдік сатудан бас тартты  
Жаңалықтар

 Жамбылдық кәсіпкерлер Рамазан айынан бастап  ішімдік сатудан бас тартты  

Сәуір 13, 2021
ғалым
Жаңалықтар

Ғалымдар маңызды мәселелерді талқылады

Сәуір 13, 2021
Тоқаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
Жаңалықтар

Тоқаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады

Сәуір 13, 2021
Марат Омаров
Жаңалықтар

Марат Омаров қатысқан той өткен дәмханаға қатысты тексеру басталды

Сәуір 13, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

 Жамбылдық кәсіпкерлер Рамазан айынан бастап  ішімдік сатудан бас тартты  

Сәуір 13, 16:12

Ғалымдар маңызды мәселелерді талқылады

Сәуір 13, 16:04

Тоқаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады

Сәуір 13, 16:02

Марат Омаров қатысқан той өткен дәмханаға қатысты тексеру басталды

Сәуір 13, 15:31

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Сәуір 13, 15:06

«Бриллиантовая рука» фильміне түскен актриса қайтыс болды

Сәуір 13, 14:57

Қазақстандықтардың орташа зейнетақы мөлшері қанша?

Сәуір 13, 14:37
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

 Жамбылдық кәсіпкерлер Рамазан айынан бастап  ішімдік сатудан бас тартты  

 Жамбылдық кәсіпкерлер Рамазан айынан бастап  ішімдік сатудан бас тартты  

Сәуір 13, 2021
ғалым

Ғалымдар маңызды мәселелерді талқылады

Сәуір 13, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»