Белсенділер марапатталды
Белсенділер марапатталды

«Nur Otan» партиясының Cолтүстік Қазақстан облыстық филиалында белсенділер алғысхаттармен марапатталып, партияның жаңа мүшелері қабылданды. Салтанатты жиналыс алдағы 1 наурыз – партия күніне арналды.

Елбасының, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс­хат­та­рымен сайлауалды кезеңде белсенді қатысқан өңірдің мә­дениет қайраткерлері марапат­талды. Олардың арасында об­лыстық филармония әншісі Дәмеш Құрманкина, журналист Ербақыт Амантайұлы, хореограф Михаил Лахтин, дирижер Қайырлы Ғафуров және өнер колледжі директорының орын­басары Асхат Таушев бар. Сонымен қатар партияның 8 жаңа мүшесіне партиялық куәліктер табыс етілді. Олардың қатарында жас кәсіпкерлер, «Jas Otan» Жастар қанатының бел­сен­ділері, банк және Абылай хан рези­денциясының қызметкерлері бар. – Біздің партиялықтар көп­теген салада еңбек етеді: ауыл шаруашылығында, мектептерде, медициналық мекемелерде жұмыс істейді, кәсіпкерлікпен, шығармашылықпен айна­лысады. Олар облыстың қоғам­дық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді қатысады. Жаңадан қабылданған партия мүшелерін құттықтай отырып, партияның бағдар­ла­малық мақ­саттары мен мін­деттерін жүзеге асыруда белсенді қызмет етуле­ріне тілектестік білдіремін, – деп атап өтті «Nur Otan» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Әсем Рахметова.

 Әбілмансұр ЖАСАН