Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл

Мемлекет тағдырын айқындаған құжат

«Айқын» ақпарат
Ақпан 27, 2021
Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл, Жаңалықтар, Қазақстан
Тәуелсіздік

Қазақстан КСРО құрамынан ең соңғы болып «шықты». Тәуелсіздігін де кеш жариялады. Алайда 1991 жыл­дың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялау арқылы Қазақстан ел аумағының тұтастығына, мемлекеттің тыныштығына, интеграциялық процестердің жүйелі жүргізілуіне  негіз болған  ұтымды шешім қабылдаған болатын. 

Тәуелсіздік: тарихи ауан

2020 жылғы 21 маусымда «Рос­сия-1» телеарнасы жариялаған «Россия. Кремль. Пу­тин» бағдар­­ламасында Ресей президенті В.Пу­тин КСРО-дан шығып жатқан республикаларға орыс халқы сый­лық жасағаны туралы түсініксіз, тосын мәлімдеме жасады. Көр­шінің көшбасшысы нақты бір ел­дің атын атамағанымен, ресейлік ұлтшылдар мұны Қазақстанға те­луге талпынды. Сонда бұған қарсы мемлекетіміз ақылды адам тоқтар аталы сөз, қуатты дәйек айтты: Қа­зақстан одақтан оны тіпті Ре­сейдің өзі тәрк етіп кеткен соң ғана шық­ты! Мұндай жағдайда Қазақстанға қатысты ешқандай территориялық талап болуы мүмкін емес!

Қазақ елі өз тәуелсіздігін ерте рәсімдей алатын еді. Алайда азат­тығын еш дайындықсыз, асығыс жария етіп, оның арты қантөгіс пен жербөліске, сепаратизмге соқ­тыр­ған экс-одақтық респуб­лика­лар­дың қайғылы тәжірибелері мұ­ның дұрыс емесін байқатты. Оның үстіне, асыққан кімнің ісі екенін ата-бабамыз өсиет етіп айтып кеткен.

90-жылдары Қазақстанды дүрліктірген маньяк қылмыс үстінде ұсталды

Алдағы екі-үш күнде Қазақстанда -12 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда сырткиім бағасы бір жылда 4,9 пайызға өсті

Мысалы, «егемендік шеруі» нәтижесінде тәуелсіздікке қол жеткізген Молдовадан 1990 жылы орыстілділері басым, Ресеймен одақтасуды жақтайтын, әлем мойын­дамаған «Преднестровье Молдавия республикасы» (Нис­трения) бөлініп шықты. Грузиядан Абхазия мен Оңтүстік Осетияның іргесін аулақ салу ниеті де сол тұста күшейді. Әзербайжан мен Армения Таулы Қарабақ үшін қан төкті. Орталық Азиямыздағы Тәжік­станда этносаралық қарулы қақ­тығыс ақыры 150 мыңдай адамның өмірін жалмаған азаматтық со­ғысқа ұласты.

КСРО кезінде жасанды түрде «ұлттар лабораториясына» айнал­дырылған Қазақстан өзара қайшы қаншама мүдденің арпалыс алаңы­на айналып кеткен еді. Еліміздегі диаспоралар мемлекеттік мейрам күндері көшеде «тарихи отаны­ның», яғни шет мемлекеттердің туын желбіретіп жүрді.

«Штрихи к портрету» деректі фильмінің екінші бөлімінде Қа­­­­зақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде сол кезде қалыптасқан тарихи ахуалдан сыр шертті. Елбасы еске алғандай, бұл өте күрделі кезең еді. Елді бей­берекетсіздік жайлады. Осы тұйық пен тығырықтан шығарар жол табу күрделі іс болатын.

– Мен сол кездегі үзеңгі­­­лес­теріммен бірге елдікті сақтауға бар күшімді салдым. Құдайға шүкір, ол қолдан келді. Әйтпесе, бізде елді бөлшектеп алғысы кел­гендер бол­ды. Қай жерде қандай этнос шо­ғырланып тұрса, солар: «Ке­ліңіз­дер, осы мекенде өз алдымызға отау тігейік!» деп шықты. Бұл өте қауіпті құбылыс-тын. Оралда, Шығыс Қазақ­станда казактар басым бол­ғаны мәлім. Ресейден соларға ке­ліп: «Территориямен бірге бізге өтіңіздер!» деп үгіттеген аранда­тушылар кездесті. Мысалы, Өске­менде бір топ адам облыс әкім­дігін басып алып, Шығыс Қа­зақстан орнында «Алтай Рес­публикасын» жариялауға шешім қабылдапты. Уақытында білдік. Ол адамдар ұсталып, сотталды. Біз ондай соғыс болуына жол бере ал­майтын едік. Бірақ елдің, жердің тұтастығын Қарулы Күштер көме­гімен қорғауға тура келетін еді. Әс­керді тартпай-ақ ол қатерді жоя алдық, – деді Н.Назарбаев.

Осындай тарихи ауанда Қа­зақстанға өз тәуелсіздігін жария­лауға тура келді.

Ұлттық мүдде үшін күрес

Жағымды жайт сол, Кеңес Ода­ғы ыдырады, демек жоқ одақ­тан Қазақстанның азаттық алуына еш­бір күш те қарсылық білдіре ал­майтын. Әйткенмен, олар қа­зақ­тың тілін, ұлттық дәстүрі мен мә­­дениетін дамытпауға күш салды: «бұл өзге этностарды кемсітеді» деп көлгірсіді.

Мысалы, сол кезде «Де­мокра­тический Казахстан» деп аталатын қозғалыс егемендікті рәсімдейтін «баламалы» құжат ұсынды және оны Жоғарғы кеңес депутат­­­­тары­ның үлкен тобы қолдап шықты. Бұл құжатсымақ қабылданғанда, Қазақстанның тәуелсіздігі мен ұлттық ұстынына қатты нұқсан келетін еді. Қозғалыс идеяларын жақтаушы депутаттар құжаттың ресми жобасындағы «қазақ ұл­тының мәдениетiн, дәстүр-салтын, тiлiн қайта түлетiп, дамыту, ұлттық қадiр-қасиетiн нығайту – мем­лекеттiң аса маңызды міндеттерінің бiрi» деп келетін бапқа шүйлікті, оны қабылдатпауға тырысты.

Негізгі жобадағы «қазақ ұлты біріктірген», «қазақ ұлты өзiн-өзi билеу хұқын растайды», тіпті «Қазақстан республика шегiнен тыс жерлерде тұратын қазақтардың ұлттық-мәдени, рухани және тiлдiк қажеттерін қанағаттандыруға қам­қорлық жасайды» деген сөздер олардың жанына шаншудай қа­­­далды, тарихи құжаттан қазаққа қатысты бірде-бір сөзді көргісі келмей, кірпідей жиырылды.

Бұл туралы 1990-1995 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің халық депутаты болған, «Егемендік туралы декларацияны» әзірлеген заңгер ғалым, академик, марқұм Салық Зиманов өз естеліктерінде еске түсірді.

Абырой болғанда, Елбасының абырой-беделі, ұлт үшін жаны күй­ген қалаулылардың күш салуы арқасында Жоғарғы кеңес 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» консти­т­у­циялық заңының ресми нұсқасын қабылдады.

Елбасы заңға тікелей эфирде қол қойды

Экономист, саясаткер, 1991–1993 жылдары Жоғарғы кеңестің төрағасы болған марқұм Серік­­болсын Әбділдин өз естелігінде Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы конституциялық заңның жобасын талқылау қызылкеңірдек пікір­таласқа тұздық болғанын еске ал­ды. Тіпті, көптеген депутат ірі этностарға айрықша мәртебе бе­руді талап етіпті.

Кейбір азамат Тәуелсіздік күнінің азаттық үшін күрестің биік бір белесі – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасымен тұспа-тұс келуінен символдық мән іздейді. Дегенмен дәл осы күні қабылдансын деген нұсқау болмаған.

«Кесте бойынша Жоғарғы кеңес­тің барлық 360 депутаты жы­лына екі рет бірлескен отырысқа жиналатын. Сол жылы ел Пре­зи­­­дентін жалпыхалықтық сайлау­мен байланысты көптеген іс-шара өт­­­кізілді. Сондықтан біз Жоғарғы кеңестің кезекті шақырылымын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз лауазымына кі­рісуімен орайластыруға шешім қабылдадық. Тұңғыш Президенттің ұлықтау салтанаты 1991 жылғы 10 желтоқсанда өткені белгілі. Инау­гурацияға бірнеше сағат қалғанда Жоғарғы кеңес мемлекеттің атауын ҚазақКСР-інен Қазақстан Рес­публикасы деп өзгертті», – деп жазыпты саясаткер.

Нәтижесінде, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Респуб­ли­­касының Президенті ретінде ант қабылдады.

Ертесіне Жоғарғы кеңестің төрағасы Серікболсын Әбділдаұлы депутаттар отырысының күн тәртібіне «Қазақстан Респуб­ли­­­касының мемлекеттiк тәуел­­сiз­дiгi туралы» конституциялық заңының жобасын енгізеді. Алайда депу­таттар оны бірден қабылдамай, талқылау ұзаған. Сондықтан Жо­ғарғы кеңес 14-16 желтоқсан күн­дері осы заңның жекелеген нор­маларына бөлек-бөлек дауыс беріп, қабылдайды. Осылайша, тарихи заң 16 желтоқсан күні әрең дегенде толық құпталған.

Депутаттар, әсіресе құжаттың бірнеше бабы үшін жақ-жақ болып айтысты. Ескі империялық идео­логияны жақтаушы депутаттар орыс тіліне де мемлекеттік мәртебе беруді, жекелеген этностардың мәртебесін бекітуді талап етеді. Заң шығарушылар тіпті «Қазақстан азаматы» деген ұғым үшін тар­­тысқан.

«Отырыс 1991 жылғы 6 жел­­­­тоқсан күні, таңғы 10-да басталды. Жоғарғы кеңес заңды талқылауды аяқтап қалған. Жоғарғы кеңестің залында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі отырды. Кеш қарайған шақта мен мінберге шығып, депутаттардың маңызды конституциялық заңды қабыл­­­дағанын жарияладым. Жоғарғы кеңес төрағасы ретінде заңды күшіне енгізу туралы парламенттік қаулыға қол қойдым. Бұл тарихи құжатты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қол қойып, оны күшіне енгізді», – дейді өз естелігінде С.Әбділдин.

Бұл жаңалық тікелей эфир арқылы елге таратылды. Қуа­ныш­тан қанаттанған қазақстан­дықтар тарихи оқиғаға куә болғанын сезінді.

Белгілі ғалым, заң ғылым­да­­­рының докторы, профессор Қаб­­­­дулсамих Айтхожиннің байла­­мынша, еліміз өз тәуелсіздігін дер кезінде жариялады.

«Қазақстанның мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» консти­­­­ту­ция­лық заңының және 1995 жылғы 30 тамызда республикалық рефе­­­рен­думда жаңа Ата Заңның қа­был­дануымен бірге Қазақ­­станның азаттығын конституциялық рәс­ім­деу ісі түпкілікті аяқталды. Содан бергі жылдарда Қазақстанның мемлекеттілігін жан-жақты ны­­­­­­­ғайту шаралары қабылданып ке­леді. Еліміз демократиялық за­манауи республика атри­­буттарына қол жеткізді. Қазақ­­станды тәуелсіз мемлекет әрі әлемдік қауым­­дастықтың бөлінбес бөлшегі, то­лыққанды мүшесі ретінде барлық мемлекет мойындады. Әйтпесе, тарихта тәуелсіздігін ала сала құ­рып кеткен мемлекеттер болған», – деді ғалым.

Қазақ халқының жаңа мем­лекеттілігінің іргетасын қалаған та­рихи заң Қазақстанның гүл­де­нуіне, ұлттық өрлеуіне қызмет ете­тін ұлттық құндылыққа ай­налды.

Әрине арада өткен 30 жыл 1991 жылдың қарбалас сәттерін жас ұрпақтың сезінуіне мүмкіндік бер­месі анық. Сол сәттерді қайта­лау­дың да қажеті жоқ. Ел тарихына бір-ақ рет  жазылған Тәуелсіздікті жариялау сәті қазір естеліктерге айналған. Бірақ егемен елдің бола­шағын айқындаған, бүгінгі жетіс­тіктердің  қайнары болған кез еді. Сондықтан жалпы алғанда 1991 жылғы оқиғалар Қазақстан тари­хында алтын әріптермен жазылары сөзсіз. Ал Тәуелсіздікті жария­ла­ғаннан кейінгі оқиғалар тізбегі бөлек тақырып.

Айхан ШӘРІП

 
ID: 0
Тегтер: ҚазақстанқұжатМемлекеттәуелсіздік
Алдыңғы жаңалық

Құқық қорғау органдарына сенім азайды

Келесі жаңалық

Азат елдегі азаматтық қоғам

Ұқсас жаңалықтар

Мархабат Байғұт
Nur Otan

Қоғамдық кеңестер жоғары жауапкершілік жүктейді – Мархабат Байғұт

Сәуір 16, 2021
Алматы
Жаңалықтар

Алматыдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары Қайрат Нұртасқа шағым түсірді

Сәуір 16, 2021
такси
Жаңалықтар

Рамазан айында жамбылдық таксилер тұрғындарды тегін тасуда

Сәуір 16, 2021
әл-ауқат
Nur Otan

Басты нысан – халықтың әл-ауқатын жақсарту

Сәуір 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қоғамдық кеңестер жоғары жауапкершілік жүктейді – Мархабат Байғұт

Сәуір 16, 17:55

Алматыдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары Қайрат Нұртасқа шағым түсірді

Сәуір 16, 17:31

Рамазан айында жамбылдық таксилер тұрғындарды тегін тасуда

Сәуір 16, 17:21

Басты нысан – халықтың әл-ауқатын жақсарту

Сәуір 16, 17:14

Жітіқарада туыстарын алдап, олардың атына алты онлайн несие рәсімдеген ер адам 4 жылға сотталды

Сәуір 16, 16:58

Шымкенттің бас дәрігері инфекциялық ауруханадағы жағдайды көрсетті

Сәуір 16, 16:32

NIS оқушысы АҚШ-тың 5 университетінің шәкіртақысын ұтып алды

Сәуір 16, 15:58
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Мархабат Байғұт

Қоғамдық кеңестер жоғары жауапкершілік жүктейді – Мархабат Байғұт

Сәуір 16, 2021
Алматы

Алматыдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары Қайрат Нұртасқа шағым түсірді

Сәуір 16, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»