Атырауда ысырапшыл емхана аз емес
Атырауда ысырапшыл емхана аз емес
175
оқылды

Осы күні мемлекеттік сатып алу порталын бақылап оты­рып, көптеген заңсыздық, соның ішінде мемлекеттік ме­­кемелердегі жемқорлық пен ақшаны ысырап ету де­ректерін анықтауға мүмкіндік бар. Тиісті салаға бө­лінген қаржының қай кезде де сұрауы болған жөн. Өкінішке қарай, бюджет қаржысына салғырт қа­райтындар көп-ақ. Бүгін біз Атырау облысындағы ден­саулық сақтау мекемелері қара­­жатты қалай оңды-солды шашып, көңілге күмән ұялат­қанын тізіп өтеміз.

Бір емханың былығы бастан асады

Пандемия кезінде меди­цина саласы ақсағанына куәміз. Елге дәрі-дәрмек пен медициналық жабдық, құ­рылғы жетіспей жат­қан уа­қытта Атыраудағы бірқатар медицина мекемесі ақшаны ысы­рап етіп, әлекке түскен тә­різді. Жуырда мемлекеттік сатып алу порталына шолу жа­­саған Маң­ғыстау облысының Аза­маттық альянсы бірнеше заң­сыздықтың бетін ашыпты. Был­тыр дерт өршіп тұрған кезде Аты­раудағы № 5 қалалық емхана әрқайсысына 125 мың теңгеден шығындап, қан құ­рамының оттегімен қаны­ғуын өлшейтін 30 дана пуль­соксиметр сатып алған. Мер­дігер ретінде Pharmalogica ЖШС көрсетілген. Енді қа­раңыз, жаңағы пуль­­сокси­метрдің бір данасы нарықта 15-30 мың тең­­геден сауда­ла­нады. Ал өңірлердегі орташа сатып алу бағасы шамамен 37 мың теңгеден аспайды. Емхана келісімшартта көрсетілген бюд­жет қаражатына нарықтағы бағамен өлшесек, 30 емес, 125 дана пуль­соксиметр құрыл­ғысын сатып алуына болар еді. Әлде емхана сатып алған құ­рылғылардың қа­тардағы пуль­соксиметрден ар­­тық­шылығы бар ма? Бұл мәселеге бай­ла­нысты сұрау салғанымызбен, Атырау облысының Ден­саулық сақтау басқармасы әзірге тіл қатпай отыр. Ал Маң­ғыстау облысының Аза­маттық альян­сының өкілі Гүлден Әубәкірова бас­­қармаға хабарлас­қанымен, еш реакция бол­мағанын айтты. – Аталған мәселеге орай Аты­рау облысының Денсаулық сақ­­­­тау басқармасына байла­­­нысқа шығып үлгердік. Барлық жайтты баян­­­­дадық. Мүлдем реакция білдірген жоқ, бейжай қарады, жарытып жауап ала алмадық. Содан кейін осы өңір­дің Сыбайлас жем­­­­қор­лыққа қар­сы депар­та­ментіне шықтық. Депар­тамент бұл жағ­дайды әлі тексермегенін жеткізіп отыр. Жалпы, Атырау облысының ден­саулық сақтау мекемелерінен мұн­дай заң­сыздықтар көп анық­талып келеді, – дейді ол. Дегенмен №5 қалалық ем­хана басшылығының түсініксіз әрекеті мұнымен таусылмайды екен. 2020 жылы тамыз емхана басшылығы қызметкерлеріне пәтерді жалға алу қызметін 375 мың теңгеге са­тып алмақшы болған екен. Бірақ бір қызығы, сол кезде Аты­рау қаласы әкім­дігінің балансында 110 пә­тер пайда­ланылмай бос тұрған. Яғни, осы пәтерлердің бос тұр­ғанына қарамастан, емхана шығын келтірмекші болған. Абы­рой болғанда, Атырау об­­­лысы бойынша Сыбайлас  жем­қорлыққа қарсы депар­тамент сатып алу про­цесінің алдын алып, тоқтау са­лыпты. Бұл жө­­ніндегі департа­­мент хатының мәтіні қолымызда бар. Онда №5 қалалық емхана «сатып алу рә­сімінде бағаны не­­гізсіз өсіріп, бюджет қа­ражатын үнемдеуге ба­­ғыт­талған шара­­­ларды орын­да­маған» деп көр­­сетілген. Алайда департамент бір заң­­сыздықтың алдын алға­нымен, 2020 жылдың ақпан айын­дағы №5 қа­лалық ем­хананың әре­кетіне тұсау сала алмапты. Нақ­тырақ айтсақ, былтыр 19 ақпанда әкімдік балансында бос тұрған пә­терлер барына қарамастан, емхана бас­шылығы екі қыз­меткеріне 1 млн 200 мың теңгеге пәтерді жалға алу қыз­метін са­тып алған. Бұл заң­­сыздық жө­­нінде аймақтың Сыбайлас жем­қорлыққа қар­сы депар­­та­менті хабардар. Бірақ қандай шара қолдан­ғаны әлі бел­гісіз. Әлде «жа­булы қазан жабулы» күйін­де қалды ма? Демек, бір емха­наның кіші­гірім болса да заңсыз әре­­кеттері басынан асып тұрған сыңайлы. Ал өңірдің Ден­сау­лық сақтау басқармасы мә­­селеге не­ліктен немқұрайды қарап отыр­ғанын түсіну қиын.

4 есе шығын келтірген

Мұндай жағдайлар өңірдегі бір ауруханада ғана тіркеліп отырған жоқ. Дәл осы Аты­раудағы об­­лыс­­­тық Денсаулық сақтау бас­қар­­масына қарасты «Жұқ­­ты­­рыл­ған иммун тап­шылығы син­дро­мына (ЖИТС) қарсы күрес және алдын алу жөніндегі ор­талық» бір рет қана пайда­ла­натын меди­ци­налық комби­незонның бір данасын 11 900 теңгеден сатып алыпты. Ал нарықта ком­­­­би­незон­ның бір данасы 3 мың теңге тұра­­­­ды. Осы­лай 100 да­насына 300 мың теңге шы­ғындаудың орнына орта­­лық 1 млн 190 мың теңге жаратып жі­берген екен. Демек, нарық­­та­ғыдан 4 есе қымбат баға. Осы проб­лемаға қатысты ЖИТС-ке қар­­сы күрес орталығының бас­­­­шы­­­­ларына хабарласпақ бол­дық. – Бұл мәселе бойынша бас­­шылық пен мемлекеттік сатып алу бөлімі хабар алды. Жауап­тары дайын болған соң жаз­баша түрде жауап беруге әзір. Бір айта ке­терлік жайт, бұлай сатып алынған жоқ, – деп қысқа қайырды ор­­талықтың баспасөз қызметі. Мемлекеттік сатып алу пор­­­та­лында орталық комбине­­зон­дарды сатып алғаны толық көр­­­сетілген. Дегенмен баспа­сөз қыз­меті «бұлай сатып алын­ған жоқ» деп неге айтқаны белгісіз. Мүмкін алдағы уа­қытта басшылық бәрін мұқият түсіндіріп берер. Бұл жайттардың бәрін қаз­балап отырар заңды себебіміз бар. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 4-бабы, 1-тармағында мекемелердің мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланатын бюджет қар­жысын оңтайлы және тиімді жұмсауға тиіс екені көрсетілген. Ал жоғарыдағы ауруха­на­лардың іс-әрекеті бұған кері жұмыс істеп тұрғанын аң­ғардық. Мемлекет қаржы­сын шығындау мемлекет ал­дын­дағы қылмыс емес пе?

Мадияр ТӨЛЕУ