Ұлттық банк 1000 теңгелік купюраға қатысты мәлімдеме жасады
Ұлттық банк 1000 теңгелік купюраға қатысты мәлімдеме жасады
5,115
оқылды

Сондай-ақ бұл банкноттардың айналымнан алынуына не себеп болатынын түсіндірді.

«2013 жылы шығарылған «Күлтегін» түркі жазуы ескерткішіне арналған номиналы 1000 теңгелік банкнота заңды төлем құралы болып табылады. Оны төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдауға міндетті. Банкноттар айналымнан табиғи тозуына байланысты алынады», - деп хабарлады Ұлттық Банк.

Мекеме ауылдық жердегі бұл банкноттарды қабылдаудан бас тартқан кәсіпкерлерге ҚР ӘҚБТК 206 бабы бойынша ескерту берілетінін мәлімдеді. Бір жыл ішінде оқиға қайталанған жағдайда 5-тен 25 АЕК - ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.

"Қабылдаудан бас тартқан жағдайда тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлттық Банктің аймақтық филиалына жүгіну қажет. Банкнотаны қабылдаудан бас тартқан жағдайда бейнетүсірілім жүргізіп немесе жазбаша негіздемесін талап етуді ұсынамыз", - деп толықтырды ведомство.