СҚО тұрғыны 10 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді
СҚО тұрғыны 10 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді
116
оқылды

Жәбірленушінің тәтесі кінәліні жазалауды талап етіп, үндеу жариялады.

«Мен Ясновка ауылының тұрғынымын. 10 жасар бауырымды 16 жастағы бозбала зорлады. Явленка аудандық полиция бөліміне арызданып едік, жанжалмен қабылдады. Петропавл қаласында сараптама тағайындалды. Бауырымды тексергенде жәбірлеу фактісі анықталды. Енді қорытындыда еш жағдай болмағаны айтылып отыр»,– деді әйел.

Оның айтуынша, бозбаланың өзі зорлағанын мойындаған. Әйел іс тоқтатылып, күдікті тиісті жазасын алмайды деп қорқады. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық іс қаралып жатқанын хабарлады. Тиісті сараптама тағайындалған, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын айтты. Болған жағдайды айтып, қоғамдық резонанс тудырған әйел де қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. ҚК 423-бабы 1-бөлігіне («Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету») сәйкес, 2 АЕК (1 АЕК - 2 917 теңге)  айыппұл салынады. Не болмаса 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.