Атырауда жақындарынан жәбір көрген 840 әйел полицияға арызданған
Атырауда жақындарынан жәбір көрген 840 әйел полицияға арызданған
5,114
оқылды

Атырау облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында 26 ақпан – 1 наурыз аралығында «Тұрмыс» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде,– деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 12 айында ішкі істер органдарының қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарына жақындарынан зардап шеккен 25 азаматшаны және олардың кәмелетке толмаған 54 баласын орналастырды.

Қазір аталған орталықта 4 азаматша мен 8 кәмелетке толмаған бала бар. Орталық қызметкерлері 450 азаматшаға 116 заңгерлік, 55 психологияық және 279 әлеуметтік көмек көрсеткен.

Өңір полицейлері отбасылық-тұрмыстық  қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен еріктілерді тарта отырып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, қоғамдық орындарда жарнамалар таратады. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары осыған дейін тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықты уақытша паналаған. Кейін мекенжайын өзгерткен азаматшалардың қазіргі жай-күйін, тұрмыс-тіршілігін білу мақсатында олардың мекенжайларын аралайды.