ШҚО-да алапат боран
ШҚО-да алапат боран
143
оқылды

Бір тәуліктің ішінде 200 - ден астам адам құтқарылды

17 қаңтарда Шығыс Қазақстанда қатты боран соқты. Бір күннің ішінде облыс автожолдарының барлығы дерлік жабылды. Жел мен қар жолдың жабылуына дейін шығып үлгерген автокөліктердің қозғалысын тежеді. "112" құтқару телефонына қар құрсауында қалғандардан көмек туралы өтініштер келіп түсті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Құтқарушылар, өрт сөндіру, жол қызметтері және жергілікті атқарушы органдар 206 адамды құтқарды, 150 автокөлік қар құрсауынан шығарылды.

Мәселен, Бородулиха ауданындағы автожолда 32 адам эвакуацияланды,оның 16-сы Новошульба ауылындағы ОДА орналастырылды, қалғандары туысқандарына кетті. Шемонаиха ауданында 7 адам құтқарылды, оларды Өскемен қаласына жіберді. Семей-Өскемен тас жолында 12 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалды. 40-ӨСБ қызметкерлері 16 адамды, оның ішінде 3 бала Семей қаласына эвакуациялады. Боран салдарынан Көкентау ауылдық округінде шопан отарымен бірге жоғалып кетті. Семей қ.11-ӨСБ қызметкерлері шынжыр табанды жүк тартқышпен іздеу жұмыстарын жүргізді. Қойшы орташа жағдайда табылды. Семей-Өскемен тас жолында 12 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалды. 40-ӨСБ қызметкерлері 16 адамды, оның ішінде 3 бала Семей қаласына эвакуациялады. Боран салдарынан Көкентау ауылдық округінде шопан отарымен бірге жоғалып кетті. Семей қ.11-ӨСБ қызметкерлері шынжыр табанды жүк тартқышпен іздеу жұмыстарын жүргізді. Қойшы орташа жағдайда табылды. Естеріңізге сала кетейік, облыс бойынша дабылды ескерту әрекет етеді: 17-18 қаңтарда қар жауып, кей жерлерде күшті боран соғады, кей жерлерде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с асады.Тұрғындарға себепсіз елді мекендерден тыс жерлерге шықпау ұсынылды. Қазіргі уақытта барлық бағыттар бойынша республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабық. Жол қызметтерінің ақпаратына сәйкес, трассаларды тазалауда 260 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.