Елордада қазақ күресінен чемпионат өтті
Елордада қазақ күресінен чемпионат өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында "Қазақ күресінен" Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 180 спортшы қатысты. Жарыс "Qazaq kuresi" қауымдастығы бекіткен "қазақ күресі" ережелері бойынша өтуде. 26 ақпан жалауын көтерген үш күндік боз кілемдегі бәсекеде еліміздің 17 құрамасының балуандары -38, -42, -46, -50, -55, -60, -65, 70, -75, +75 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті. [caption id="attachment_115188" align="alignnone" width="1024"]елорда ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпив, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макен және «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбек Нұғымаров қатысты. Бақтияр Макенұлы жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі. Сондай ақ 50, 55, 60, 65 келіде жеңіске жеткен жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. [caption id="attachment_115189" align="alignnone" width="1024"]елорда ©Айтжан Мұрзанов[/caption] « Чемпионатқа әр облыстан бір бір спортшы ғана жолдама алды. Жарыс барлық санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережесін сақтай отырып өткізілуде. Жарысқа рейтингтен өткен үздік арнайы шақырылған 20 төреші  төрелік етті. Барлық балуандардың дайындықтары жақсы, бәрі бір деңгейде. Себебі бір жылдан кейінгі бірінші жарысымыз болғандықтан біраз спортшыларымыздың салмақтары өсті. Барлығы жоғары деңгейде өтуде», – деді арыстың бас төрешісі Болат Ақжігітов. [caption id="attachment_115190" align="alignnone" width="1024"]елорда ©Айтжан Мұрзанов[/caption] «Қызылорда облысы Қызылорда қаласынан осы жарысқа, яғни ҚР Чемпионатына келдім. Есімім Бауыржанұлы Шейхрахман. Жарысқа карантин режимінде дайындалдық. Сол жағынан қиындықтар болды. Бүгін жарысқа келген спортшылардың барлығы мықты, ешкім осал болмады. Белдесуде менің қарсыластарым мықты болды. Бүгін менің бағым мен бабым қатар шауып, осы жарыста  1- орынды иелендім. Ақтық сында мен Жамбыл облысының балуанымен белдестім және оны айқын басымдылықпен жеңдім»,– деді Қызылорда облысының балуаны Шейхрахман Бауыржанұлы. [caption id="attachment_115191" align="alignnone" width="1024"]елорда ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Чемпионаттың ертеңгі қорытынды күні 38, 42, 46 келідегі спортшылар белдесетін болады. Ел чемпионатының ұйымдастырушылары Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы және "Qazaq kuresi" қауымдастығы.