Илон Маск Марсқа миллион адам апармақ
Илон Маск Марсқа миллион адам апармақ
196
оқылды

SpaceX корпорациясының басшысы алдағы он жылға арналған жоспарларымен бөлісті

Бұл туралы LAD Bible хабарлады. Кәсіпкер жақында Марсқа жылына 100 мыңға жуық адам жібере алатынына сенімді. Ол үшін күніне үш ұшу жасап 100 тонна жүк тасымауға мүмкіндік беретін Starship ғарыш кемелерін көптеп жасау қажет. Маск мәлімдегендей, егер 10 жыл ішінде осындай жүз кеме жасалса қызыл планетаға жаппай саяхаттауға еш кедергі болмайды. Осылайша, 2050 жылға қарай SpaceX басшысы Марсқа миллионға жуық адамды жіберуді жоспарлап отыр. Ол кезге дейін ғаламшарда жаңа инфрақұрылымдағы жұмыс орындары болады деп санайды.