Петропавлда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Петропавлда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
138
оқылды
Петропавлда үш жасар қыз қайтыс болды, оны анасы ұрып-соққан. Бала көп ұзамай ауруханада көз жұмды,– деп хабарлайды Tengrinews.kz. 17 қаңтарда үш жасар қыз дене жарақаттарымен ес-түссіз ауруханаға жеткізілді. Бала ұзақ уақыт комада болған. 27 ақпанда сәби есін жимастан қайтыс болды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады. Петропавлда 22 жастағы әйел үш жасар қызын ұрып-соққан деген күдікке ілініп, Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігі «Кәмелетке толмаған жасөспірімге қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.