Түркістан облысындағы жеке тұрғын үйде 5 адамның жансыз денесі табылды, оның төртеуі кәмелетке толмаған. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
«2021 жылдың 27 ақпан күні сағат 18:35-тер кезінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік-диспетчерлік қызметі пультіне «103» қызметінен хабар келіп түсті. Онда Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде тіршілік белгісі жоқ 5 адам денесін көршілері анықтағаны туралы айтылған. Олардың төртеуінің кәмелетке толмаған бала екені белгілі болды. Үйде өрттің белгілері анықталмады. Тұрғын үйде табиғи газ арқылы жылу беру жүйесі орнатылған», – деп нақтылады Талғат Уәли.