WBC: Қазақ боксшысы әлемнің үздік ондығына енді

WBC: Қазақ боксшысы әлемнің үздік ондығына енді

Спортшы кәсіпқой рингке көктемде қайта оралмақ.

Бүкіләлемдік бок кеңесі (WBC) кәсіпқой боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялалады. Қазақпараттың хабарлауынша, жаңартылған рейтинг бойынша Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) үздік он боксшының қатарына кіріп отыр. Бұл рейтингте бұрын 13-ші орында болған Жәнібек көрсеткішін едәуір жақсартып, оныншы орынға табан тіреді. Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 9 қарашада Калифорния штатының Фресно қаласында өткізді. Ол канадалық Альберта Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа жіберіп, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын сәтті қорғады. «Kazakh Style» көктемде рингке қайта оралмақ.