Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: облыс әкімі көңіл айтып, жағдайды бақылауға алды
Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: облыс әкімі көңіл айтып, жағдайды бақылауға алды
96
оқылды
Бүгін Түркістан қаласында қайғылы жағдай болды. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде бір отбасының 5 бірдей мүшесі газдан иіс тиіп, қайтыс болды. Оқиға орнына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған топ барып, қайғылы жағдайдағы отбасының жақындарына көңіл айтып, жағдайды бақылауға алды.   Газдан улану оқиғасы болған жерде отбасының 1980 жылғы анасы және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балаларға иіс тиіп қайтыс болған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, оқиға болған кезде емделу мақсатында Шымкент қаласында болған екен. Өмірзақ Шөкеев, Полиция департаменті және ТЖД бастығы, Түркістан қаласының әкімі оқиға орнына барды. Облыс әкімі оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.
«Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын», – деді Өмірзақ Шөкеев.
Төтенше жағдай департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды. Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды.

Тельман БЕЙСЕНОВ