Ақтау тұрғынының жаңа пәтеріне оның рұқсатынсыз өзбекстандықтарды тіркеген
Ақтау тұрғынының жаңа пәтеріне оның рұқсатынсыз өзбекстандықтарды тіркеген
138
оқылды

Бұның қалай орын алғанын анықтау үшін тұрғын жауапты мекемелердің табалдырығын тоздырып жүр.

Бұл туралы "Маңғыстау"телеарнасы хабарлайды.

Осыдан екі жыл бұрын Гүлпара 17-ші шағынаудандағы жаңа тұрғын үйден пәтер сатып алған. Пәтерде әйелден басқа оның отбасының тағы төрт мүшесі тіркелген. Жақында коммуналдық қызметтерді төлеп жатып ол үйінде тағы екі бөтен адам "тұратынын" байқайды.

Бұл қалай орын алғанын білу үшін Ақтау қаласының тұрғыны барлық ведомстволардың табалдырығын тоздырған. Бірақ еш нәтиже болмапты.

Гүлпара ХҚКО-на келген. Ол жердегі мамандар көші-қон полициясына жібереді. Өз кезегіндебұл мекеме оны салық органдарына жіберді. Ал салықшылар Мемлекеттік кірістер департаментіне жүгінуге кеңес берді. Бірақ мұнда да әйелге ешқандай көмек көрсете алмайды.

Бір де бір ведомствода өзінің бұған қатысы бар екенін мойындамады және тіпті басқа елдің екі азаматы үй иесінің рұқсатынсыз қалай тіркеле алды деген сұраққа түсінік бере алмады.