Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанда болған бес адамның өлімі себептерін анықтау үшін комиссия отырысын өткізді.
Полиция және төтенше жағдайлар департаментіне жан-жақты тергеу жүргізіп, оқиғаға кінәлі адамдарды табу және жазалау тапсырылды. Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Сондай-ақ 28 ақпанда сағат 11.00-де барлық мүдделі орган қатысатын баспасөз конференциясын өткізу жоспарланды. Кеше, 27 ақпанда бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды. Қайтыс болған балалардың анасы 1980 жылы туған, балалары - 2004, 2006, 2013 және 2016 жылғы.«Денсаулық сақтау басқармасының психологтары қаза тапқандардың туыстары мен достарына көмек көрсетеді, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек беріледі», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.