Ресейде сәбиін сатқан қазақстандық әйел ұсталды (видео)
Ресейде сәбиін сатқан қазақстандық әйел ұсталды (видео)
5,150
оқылды

Ресейде бала саудасымен айналысқан қазақстандық әйел ұсталды. Ол нәресте үшін 13 мың доллар алған екен.

«Астана» телеарнасының хабарлауынша, тергеу барысында әйел Камбоджадағы арнайы процедурадан кейін жүкті болған. Содан босану үшін Красноярскіге келген екен. Қалада оған пәтер жалдап беріп, медициналық көмек көрсетілген. Ол туған нәрестесін бірден алаяқтарға тапсырған.

«2020 жылғы сәуірде әйел босанып, ұл туды. Кейін баласына туу туралы куәлігін алған. Сөйтіп, күдіктілерге сенімхат жазып берген. Осылайша, Қазақстан азаматы іс жүзінде туған сәбиін сатып жіберген. Қазақстанға қайтып келгенде ол баланы бергені үшін 13 мың доллар алған», - деп хабарлады Краснояр өлкесі және Хакасия Республикасы бойынша Ресей Мемлекеттік тергеу комитеті өкілдері.

Іс бойынша үш күдікті анықталды. Тергеушілер мәліметіне сүйенсек, баланы сатуға тәртіп сақшысы көмектескен. 33 жастағы ер адам ақша үшін бала туып беретін әйелдерді тауып, кейін ол нәрестелерді шетелдіктерге сатқан. Осы күнге дейін  тоғыз сәбиді сатып үлгерген. Олардың бәрі – қазір Сәбилер үйінде. Екі немесе одан да көп адамды дәрменсіз жағдайда сату дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. [embed]https://youtu.be/-6a5hpH-rSM[/embed]