АҚШ-та 14 жастағы жасөспірім әпкесін пышақтап өлтірген
АҚШ-та 14 жастағы жасөспірім әпкесін пышақтап өлтірген
94
оқылды

АҚШ-та танымал TikTok блогері Клэр Миллер өз әпкесін өлтірді деп айыпталды.

Жасөспірім 911 нөміріне хабарласып, 19 жастағы мүгедек әпкесін өлтіргенін мойындаған. Қылмыс орнына барған тәртіп сақшылары қанға боялған қыздың отырғанын көрген. Сол жерде Клэр Миллер «әпкемді өлтірдім, әпкемді өлтірдім» деп айта беріп, қан-қан қолын қайта-қайта сүртпек болған. Полиция жасөспірімнің арбаға таңылған мүгедек әпкесін пышақтап өлтіргенін анықтады. Қылмыс кезінде қыздардың ата-анасы  үйде ұйықтап жатқан екен. TikTok жұлдызына айналған Миллердің видеолары бірнеше миллионға дейін қаралым жинаған.  Бірақ осы айқай-шудан кейін әлеуметтік желі әкімшілігі қыздың парақшасын жауып тастады.

Клэр Миллер жасөспірім болса да жауапқа ересек ретінде тартылады. Тіпті, оны кепілге босату құқығынан айырды. Міне, осындай талаппен Миллер жергілікті түрмеге тоғытылады.