Алматыдағы қоймалардың бірінде өрт шықты

Алматыдағы қоймалардың бірінде өрт шықты

Алматыдағы қоймалардың бірінде өрт болды. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

28 ақпанда сағат 11:16-да Төтенше жағдайлар министрлігіне Алмалы ауданы, Мақатаев және Мұратбаев көшесі қиылысындағы нысанда өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт шыққан жерге оңтүстік және солтүстік екі өрт сөндіру учаскесі қызметкерлері жұмылдырылды. Автоцистерналар өрт гидрантына орнатылып, нысаннан төрт оттегі баллоны эвакуацияланды.

«Өрт шыққан жер көк түтінге оранып, ыстықтың көтерілуіне байланысты газ-түтіннен қорғау қызметі де жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, өртті 20 минут ішінде оқшаулады. 60-тан аса өрт сөндіруші, 15 техника жұмылдырылды»,- деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.