ШҚО-да сыртынан құлыптап кеткен балалар өртеніп өлді
ШҚО-да сыртынан құлыптап кеткен балалар өртеніп өлді
5,142
оқылды

Куәгерлердің айтуынша, олар сіріңкемен ойнаған

«Шығыс Қазақстан облысында екі өрт оқиғасы болып, үш бала көз жұмды. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғау саласындағы апаттар тәуекелін төмендету және бақылау басқармасы мәлімдеді», – деп хабарлайды Stan.kz.

ТЖ департаментінің мәліметінше Ұлан және Бородулиха аудандарында өрт болғанын хабарлады. Асубұлақ ауылындағы үй толығымен жанып кетті. Өрттің тұтануына электр жылыту қондырғыларының жылу әсер еткен.

«Үйде 73 жастағы атасы мен кішкентайынан сал ауруына шалдыққан 14 жасар немересі тұрған. Қария әлеуметтік осал топ тізімінде болған. Өрт сөндірушілер оған бірнеше рет барып, өрт қауіпсіздігінің талаптарын көрсетіп, нұсқау берген. Ақыр соңында қосылып тұрған электр жылытқыш, қызған спираль және оларға жақын орналасқан заттар қайғылы жағдайға соқтырды», – деп түсіндірді басқармада.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен бірнеше сағат бойы күресуге мәжбүр болған. Өрт аумағы 150 шаршы метрді құрады. Тексеру кезінде ұйықтайтын бөлмеде еденнен қарияның, ал төсек жанынан баланың мүрдесі табылған.

Сол күні Бородулиха ауданының Камышенка ауылынан тағы бір қайғылы оқиға туралы хабар келді. Ағалы-інілі екі бала өрттен көз жұмған. Сұрастыру барысында 4 және 5 жастағы бүлдіршіндер үйде жалғыз қалғаны белгілі болды. Отбасылық жанжалдың салдарынан ішімдікке тойып алып, үйден кетіп қалған отағасын әйелі іздеуге шыққан. Ал балаларды сыртынан құлыптап кетіпті. Куәгерлердің айтуынша, балалар ашық қолжетімді жерде тұрған сіріңкемен ойнаған. Өрт аумағы бар-жоғы – 2 шаршы метр.

Осы факті бойынша материалдар полиция қызметкерлеріне берілді, олар алдағы уақытта осы істі жүргізетін болады.