Қарағанды және Павлодар облыстарында жол жабылды

Қарағанды және Павлодар облыстарында жол жабылды

Қарағанды және Павлодар облыстарында бұрқасын салдарынан жол жабылды. ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 9.30-да Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты автожолдағы барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:

  1. «Қызылорда - Павлодар» 967-1135-шақырымында, Қарағанды – Павлодар облысының шекарасы учаскесі.
  2. «Қалқаман – Баянауыл – Керней – Ботақара» 231-324-шақырымы, Ботақара кенті учаскесі – Павлодар облысының шекарасына дейін.
  3. «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз» 17-217 шақырымы, Қарағанды – Қарқаралы учаскесі.
Павлодар облысында, Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты трассалар жабылды. Трассаларда автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
  1. «Қызылорда – Павлодар» 1135-1206 – шақырымы, Қарағанды облысының шекарасы учаскесі – Бозшакөл кенті.
  1. «Қалқаман – Баянауыл – Керней – Ботақара» 138-231-шақырымы, Баянауыл ауылы – Қарағанды облысының шекарасы.
Ақмола облысында 28 ақпанда сағат 10.30-дан бастап «Екатеринбург-Алматы» Республикалық маңызы бар автожолының учаскесінде (1291-1426 шақырым Нұр-Сұлтан – Теміртау) қатты жел мен боран салдарынан көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды. 28 ақпан күні сағат 10.30-дан бастап Ақтөбе облысында «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы» автожолында 245-330 шақырым, Қарауылкелді кенті – Атырау облысының шекарасы учаскесі ашылды.