БҚО-да Швеция ханшасы мен Раиса Горбачеваға арнап әшекей жасаған зергер тұрады.
БҚО-да Швеция ханшасы мен Раиса Горбачеваға арнап әшекей жасаған зергер тұрады.
154
оқылды

Шебер қазір тек күрделі тапсырыстарды ғана қабылдап жүр.

Батыс Қазақстанда ерекше зергер тұрады. Сергей Савельевтің жұмыстары Швецияның ханшайымы қымбат заттар коллекциясының қатарында. КСРО бірінші ханымы Раиса Горбачева шеберге сақина, білезік және сырға тапсырыс берген. Сондай – ақ, зергер атақты балет әртісі Мариса Лиепке қанжар сыйлаған.

Қазір 57 жасар шебер Круглоозерное кентінде тұрады. Ол Қазақстанға отыз жыл бұрын Пятигорск қаласынан көшіп келген. Сергей Савельев өзінің алғашқы арнайы тапсырыстарының бірін еске алды. КСРО жеңіл өнеркәсіп министрлігі Раиса Горбачеваға қымбат заттарды жасауды тапсырды. "Раиса Максимовна үшін мен ескі орыс стиліндегі сақина, білезік және сырға жасадым. Заттар сырлы эмальмен безендірілген фианитті ендірмесі бар күмістен жасалған. Бір күні Владимир Вьюгинмен бірге сәнді түйреуіш жасадық. Оны Швеция ханшайымы сатып алды. Әшекейдің раушан гүлі гранатамен көмкеріліп, жапырақтары хризолиттен жасалған. Кейде тапсырыстар министрлік шенеуніктерінен келіп түсті. Олар маған қымбат бағалы заттардың кімге сыйға тартатынын білмегенің жақсы деп айтты", - дейді Сергей Савельев. Бірегей зергердің жұмыс қоржынында жүздеген жұмыс бар. Ең күрделі еңбектерінің бірі ретінде шебер 286 ұсақ гауһар тастан тұратын алқаны атады. Сергей Савельев бұл бұйымды жасау үшін бірнеше тәулік табжылмай отырғанын атап өтті. "Алқа алтын серіппеге отырғызған гүлдерден тұрды. Осы гүлдердің барлығы қозғалып гауһар тастарды алуан түске бояйды. Бұл әшекейдің басты ерекшелігі болды. Алқа әрқайсысы бір карат тартатын төрт ірі гауһармен безендірілді. Бұйым менің досымның қалыңдығына арналып жасалды. Үйлену тойы 1986 жылы болды", - деді зергер. Қазір адамдар негізінен туған өлкесінің бейнесі бар бұйымдарға тапсырыс береді. Адамдар мен жануарлардың дәл бейнесі үшін шеберге мүсін мен анатомияны зерттеуге тура келді. Соңғы туындының бірі - күмістен жасалған ителгі. Көксеркелердің үстіндегібақалшықта бекіре жатыр. Тағы бір бұйым Оралдағы мұражай коллекциясын безендіреді. Ол – күміс жіптерден өрілген кішкентай патша күймесі. "Шебер кез келген нәрсені жасай алады. Оған бүкіл жан-тәнімен берілсе болды. Ал тапсырыс берушілер Сергей Савельевты үнемі мақтайды. Өйткені ол адамдардың қалауын табады", - дейді өлкетанушы Александр Ялфимов. Шебер қазір тек күрделі тапсырыстарды ғана қабылдайды. Ол талантты ақша үшін емес, жан рахаты үшін қолдану керек деп санайды.