Алматы метросының "Байқоңыр" бекеті уақытша жабылды
Алматы метросының "Байқоңыр" бекеті уақытша жабылды

Алматы метрополитенінде "Байқоңыр" бекеті техникалық себептерге байланысты жабылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Құрметті жолаушылар, 28 ақпанда сағат 11:30-дан 17:30-ға дейін техникалық себептерге байланысты "Байқоңыр" бекеті жабылды. Пойыздар осы станцияға тоқтамайды. Уақытша келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап алуға кеңес береміз, – делінген әкімдік хабарламасында.