Қазақстанда ауыл мектептерінде білім беру сапасын жақсарту жобасы іске қосылады
Қазақстанда ауыл мектептерінде білім беру сапасын жақсарту жобасы іске қосылады
120
оқылды

Жоба шеңберінде ауылдық жерлердегі мектептердің күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ қажеттіліктерін зерттеу жүргізу жоспарланып отыр.

Сенбі, 18 қаңтар күні ҚР премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне барды, деп хабарлайды премьер-Министрдің ресми сайты.

Вице-премьер оқу үдерісімен, оқушылардың жетістіктерімен танысты,білім беру саласында озық инновациялық технологиялар қолданылатын өзін-өзі тану, нанотехнологиялар, биотехнологиялар, қыш шеберханалары, зертханаларды аралап көрді.

"НЗМ" ДББҰ Басқарма төрағасы Күләш Шамшидинова ағымдағы қызметі мен даму перспективалары туралы айтып берді.

Сондай-ақ, НЗМ басшысы қаладағы және ауылдық жердегі мектептердің арасындағы білім сапасының айырмасын азайтуға бағытталған "ауыл мектебі" жобасын таныстырды.

Жоба шеңберінде ауылдық жерлердегі мектептердің күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ қажеттіліктерін зерттеу жүргізу жоспарланып отыр. Әзірленген ұсыныстарды ескере отырып, ауылдық мектептердегі білім берудің материалдық-техникалық базасы мен сапасын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылданатын болады.

Бердібек Сапарбаев ұсынылған жобаны мақұлдады және Білім министрлігіне оны Қарағанды, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында пилоттық режимде іске асыруды тапсырды.

«Мемлекет басшысы қаладағы және ауылдағы білім беру деңгейіндегі айырмашылықтарды барынша қысқарту, балалардың сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету тапсырды. Бұл мәселені шешу үшін НЗМ республикалық желісінің озық тәжірибесін пайдалану қажет. Біздің мақсатымыз – балалардың жан-жақты дамуына, олардың шығармашылық қабілеттері мен креативті ойлауына барынша қолайлы жағдай жасау. Мектеп қабырғасынан бастап балалардың өз таланттарын ашуға мүмкіндігі болуы тиіс», — деп атап өтті Б. Сапарбаев.

Сондай-ақ, кеңес барысында ЭЫДҰ оқушыларының білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама (PISA) аясында Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жұмысымен танысты. Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті.