Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Мен оны сүйемін!

«Айқын» ақпарат
Ақпан 28, 2021
Жаңалықтар
сүйемін

Ол ұйықтап жатып, жастығының шетін умаждап ұстады. Езуі жайылып кеткен. Рахат ұйықтап жатыр.

– Мен сені жақсы көремін! Сен үшін жүрмін ғой, жаным! Сен болмасаң, өмір сүргім де келмейді. Сені көргенде, көздерім жайнап кетеді, ал сені көрмесем, қандарым қайнап кетеді. Алтыным менің!

Күйеуінің сандырақтап сөйлеп жатқа­нынан секем алған әйелі оны жұлқылап оятты.

Жей беремін!

Бір құмалақ

Төбелестен кейінгі төбелес

– Әй, Нұрақбай? Бұл қалай? Кімді жақсы көресің? – деп сұрады.

– Саған айтуға болмайды, –деді күйеуі көздерін ашар – ашпастан. Сосын қор ете түсті. Бір уақытта тағы да сөйлей бастады:

– Жаным! Ертең кездесеміз ғой? Сені төсіме қысамын! Жұрттың бәрі сені жақсы көреді, сен өмірдің мәнісің, талайлардың әнісің, мықтылардың сәнісің. Ия, ия, неге сені жақсы көрмейін? Сол үшін ғой, дамыл таппай, жұртқа жақпай жүргенім. Не, ұнамады ма, менің күлгенім? Қалай болғанда да, ертең менің бақытты күнім!

Әйелі одан бетер жұлқылады.

– Не деп жатырсың? «Жаным» деймісің? Жаныңды қоярға жер таппай жатырсың ғой тегі. Кім ол деймін?

– Саған айтуға болмайды. «Қатынға сенбе» деген.Жұртқа жаясың.

– Ол қандай құпия? Отбасыңның ойранын шығара жаздайын деп жүрген ол қандай сайқал?

– Ол керемет!

– Кереметті көрсетем саған!

– Оны сен де жақсы көріп кетесің!

– Керегі жоқ! Аты кім?

– Ұйықташы одан да.

– Аты кім деймін?

– Сен оын танисың. Жұрттың бәрі таниды.

– Айтпайсың ғой? Онда үстіңе су құямын!

– Мейлі, мен оны сүйемін! –деген күйеуі теріс аударылып жата берген, орнынан тұрған әйелі бір ожау су әкелді де, отағасының бетіне шашып жіберді. Көздері жыпылықтаған Нүрақбай төсегінен ұшып тұрды.

– Не болды саған жаным?

– Жаным десең, сүйгеніңнің  атын айт!

– Өй, мен оны бұрыннан сүйемін ғой?

– Кім деймін? – деп сұрады әйелі тықақтап.

– Айтуа болмайды дедім ғой. Өсек болып кетеді.

– Сен өзі ашық кірісетін болғансың ба?

– Жоға, құпия болғаны жақсы қайта. Сен осы мәселені білмей – ақ қойшы? Бәрі сендердің қамдарың. Сендер үшін сүйемін!

Ақыры айтпады. Жатып қалды. Жымиып жатыр. Өйткені, ол ертең бір кәсіпкерден 500 мың теңге пара алатын болған. Сол 500 мыңды жақсы көрді. Ақшаны сүйді! Ақшаны түсінде көрді. Ал, мұны әйеліңе айтуға болмайды ғой?

Бірақ, ол ойлағандай болмады. Жер сатып ақшаны бауырына басып жатпақ болған Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қызылқұм ауылдық округінің әкімі Нұрақбай Қойлы­бековтің жолы кесіліп, өлердей ғашық болған 500 мың теңгеге жете алмады. Төрт жылға сотталып тынды. Міне, көрдіңіздер ме, ақшаға ғашық болмаңыздар, ақшға ғашық болсаңыз, бітті, жолдан таясыз, ақшамен тек жолдас, бауыр, дос болыңыз!

Ратқұм МІРЕШ

 
Тегтер: әзілсүйемін
Алдыңғы жаңалық

Айлығымыз көп, қайтеміз?

Келесі жаңалық

Анау екен, мынау екен

Ұқсас жаңалықтар

Солтүстік Корея
Әлем

Солтүстік Кореяда қашықтан оқуды тиімді жүзеге асыра алмаған шенеунік өлім жазасына кесілді

Сәуір 11, 2021
Түркістан, Керуен-сарай
Жаңалықтар

Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды

Сәуір 11, 2021
коронавирус, өңір
COVID-19

Қазақстанда тағы бір өңір «жасылдан» «сары» аймаққа өтті

Сәуір 11, 2021
жүргізуші, жол-көлік оқиғасы, Қорам ауылы
Жаңалықтар

59 жастағы такси жүргізушісі оқушыны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Сәуір 11, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Кореяда қашықтан оқуды тиімді жүзеге асыра алмаған шенеунік өлім жазасына кесілді

Сәуір 11, 12:37

Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды

Сәуір 11, 11:21

Қазақстанда тағы бір өңір «жасылдан» «сары» аймаққа өтті

Сәуір 11, 10:57

59 жастағы такси жүргізушісі оқушыны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Сәуір 11, 10:29

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 24 адам қайтыс болды

Сәуір 11, 10:07

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсті

Сәуір 11, 09:53

Қосшы ауылында жоғалған 6 жасар қыз елордадан табылды

Сәуір 11, 00:31
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Солтүстік Корея

Солтүстік Кореяда қашықтан оқуды тиімді жүзеге асыра алмаған шенеунік өлім жазасына кесілді

Сәуір 11, 2021
Түркістан, Керуен-сарай

Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды

Сәуір 11, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»