Т-35 танкінің ішінен жауынгердің Қазақстандағы анасына жазған хаты табылды
Т-35 танкінің ішінен жауынгердің Қазақстандағы анасына жазған хаты табылды
195
оқылды

Хатты Екінші дүниежүзілік соғысында Саратов танк училищесіне майданнан келген жауынгер жазған.

Павлодар облысында Т-35 танкінен хаты табылған сарбаздың туыстары іздестіріліп жатыр.

Хатты бүгінге дейін жеткен жалғыз Т-35 танкінің жай-күйін қарауға келген сарапшы Александр Бронников тауып алған. Әскери машинаны тексеру кезінде ол солдаттың үшбұрыш хатына тап болыпты. Хаттың жазуы көмескі тартса да олар ақпараттың көп бөлігін оқи алған. Соның ішінде хат жолданған мекен-жай анықталады. Сарбаз хатты Қазақстанда тұрған анасына жазған.

 Александр Бронников Павлодардағы "Майдан Жолы" іздестіру зерттеу отрядынан сарбаздың туыстарын іздеуге көмек көрсетуін өтінген. Жасақтың командирі Александр Шитов бұл жұмысты қолға алып әлеуметтік желілерде "уақыт хаты" атты жазба жариялады.

 "Хатты Саратов танк училищесіне майданнан келген жауынгер жазған. Алматы облысы, Іле ауданы, Талғар станциясы, Фридрих Энгельс колхозы, №7 бригадада тұратын анасы Малькова(вич) Аннаға жазыпты. Алайда, сарбаздың кім екені әлі анықталған жоқ. Хат сол күйі жіберілмей қалған. Жерлестеріміздің туған-туыстарын табуға көмектесу керек. Бәріңізден сарбаздың отбасын іздеуге қатысуды өтінеміз!"- деп жазады Александр Шитов.