Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Әнші болғым келіп кетті!

«Айқын» ақпарат
Ақпан 28, 2021
Жаңалықтар
әнші

Қараптан-қарап тұрып, әнші болғым келіп кеткені! Тамаша жұмыс қой? Сахнада жүресің, әртіс­термен ойнап, күлесің, қысқасы, «мынауский!» өмір сүресің!

Неге дейсіңдер ғой? Дауысың бар ма, жоқ па, ол жағы маңызды емес, микрофонға мұрныңды тақап, ауызыңды жыбырлатып тұрсаң болғаны!

Әйеліме:

Марат Омаров қатысқан той өткен дәмханаға қатысты тексеру басталды

Министр Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиевке қатысты жүргізіліп жатқан тексеруге пікір білдірді

Жей беремін!

– Әнші болғым келіп кетті! –дедім. Әйелім маған қарап, күліп жіберді. Шамасы, менің ондай өнерімнің бар екеніне сенбесе керек.

– Неге күлдің?–деп сұрадым мен.

– Сенде өзі, дауыс бар ма?

– Бар. Баритон. Жоқ, сопрано. Жоқ, тенор.

– Одан да екеуміз дуэль болайық! – деді әйелім.

– Дуэль емес, дуэт лесеңші.

Екеуміз ән шығара бастадық. Мен «Оппа, оппа» деген ән шығардым. «Опымай, опымай!» әнсымағы сиқты. Әйелім «Гамаж» атты ән шығарды.  Ал келіп да­йын­далайық! Ақшаның астында, доллардың үстінде қалатындай жанталастық. Әуенді әрлеуші досыма барып, ән жаздырдық. Қызына сағыз әперіп. Мәссаған! Пандемияға байланысты  той жоқ екен ғой? Концерт те жоқ! О! Жұлдыздар сияқты автомобиль ойнатқан болып, алаяқтық жасай­мыз! Бірақ, бізді кім таниды? Кімдер сене қояды? Ии, жылағым келіп кетті.

Содан не керек, қаладағы теде­дидарды бермейтін болдық. Анау-мынау жерге келмейтін болдық. «Сендерден түк шықпай­ды!» дегендерге сенбейтін болдық. Мен тағы да «Құрып кетші әрі!» деген ән шығардым. Әйелім «Қош­қарата бойында», «Сен ориганал қатынсың!» атты  әндер шығарып тастады! Талантпыз ғой! Сөздің мәтіні майысқақ па, онда шаруамыз жоқ, жастар жылап көрісетін болды! О, дариға, өмір қандай тамаша!

Танымалдығымыз арта баста­ды. Бірақ, тойлардың аздығы арқа­мызға бата бастады. Содан, танысымыздың қымбат көліктері жанында тұрып, жындыыы жар­нама жасай бастадық. «Тез байы­ғыларың келе ме? Тез автокөлікке ие болғыларыңыз келсе, біздің есеп-шотқа ақша аударыңыздар!» деп бөстік. Сол екен, аңқаулар мен сенгіштер жүз мыңдап ақша сала бастады.

– Милиондар қосылып жатыр! Енді не істейміз? –деп сұрадым мен әйелімнен.

– Білмеймін. Бізде сыйға бе­рілетін автокөліктер жоқ.

– Қаржыландырушы кәсіп­керіміз алдап кетті дей салайық?

– Табылған ақыл!

– Онда мақыл!

Бірақ, бізді полиция тексере бастады. Ақща салушылар арыз­даныпты. Пәле болды. Күнде полицияға жүгіреміз, Араға адам салып, әртістер сияқты әрең құтылдық. Құрып кетсінші, адал өмір сүргенге не жетсін!

Менің бір танысым осылай қайғырады. Өткеніне өкініп, бармағын тістейді. Ал, жұлдыздар ше? Оларға да ақша керек. Мына пандемия олардың нанын қағып әкетті. Сосын, арамтамақ болғысы келді. Мәселен, «Нысана» әзіл-сықақ театры актерінің әйелі бүгінде істі болып жатыр. Күні кеше әншілерді шегірткелерге теңеген кәсіпкермен теледидарда шекісіп қалған әншіні де ұмыта қойған жоқпыз.  Бәрі судан таза, сүттен ақ, Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайтынын есте­рінен шығарып алған сияқты.  Бәрінің атын атап, түсін түстеп жатуға мен ұялып отырмын. Олар қанша дегенмен, халықтың алдында өнер көрсетіп жүрген, жарқыраған жұлдыздар емес пе? Неге абыройларын ақшаға айырбастай салады екен? Тіпті, бір әнші жігіт Алматыда  алаяқ­тығымен қолға түсті емес пе? «Білмей қалдым, жоғарыда тұрған адам алдап кетті» деп құтылды. Ал, әшейінде тауық ұрласа, бес жылға соттатып жіберетін полицейлер, соттар неге дәрменсіз бола қалады? Әлде, олардың да арманы әнші болу ма? Сіздің әнші болғыңыз келе ме? Ойланып көріңіз, мырза?!

 

Жебе САДАҚҰЛЫ

 
Тегтер: әзіләншісахна
Алдыңғы жаңалық

Анау екен, мынау екен

Келесі жаңалық

Кәсіпкер болдым, мінеки…

Ұқсас жаңалықтар

 Жамбылдық кәсіпкерлер Рамазан айынан бастап  ішімдік сатудан бас тартты  
Жаңалықтар

 Жамбылдық кәсіпкерлер Рамазан айынан бастап  ішімдік сатудан бас тартты  

Сәуір 13, 2021
ғалым
Жаңалықтар

Ғалымдар маңызды мәселелерді талқылады

Сәуір 13, 2021
Тоқаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
Жаңалықтар

Тоқаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады

Сәуір 13, 2021
Марат Омаров
Жаңалықтар

Марат Омаров қатысқан той өткен дәмханаға қатысты тексеру басталды

Сәуір 13, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

 Жамбылдық кәсіпкерлер Рамазан айынан бастап  ішімдік сатудан бас тартты  

Сәуір 13, 16:12

Ғалымдар маңызды мәселелерді талқылады

Сәуір 13, 16:04

Тоқаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады

Сәуір 13, 16:02

Марат Омаров қатысқан той өткен дәмханаға қатысты тексеру басталды

Сәуір 13, 15:31

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Сәуір 13, 15:06

«Бриллиантовая рука» фильміне түскен актриса қайтыс болды

Сәуір 13, 14:57

Қазақстандықтардың орташа зейнетақы мөлшері қанша?

Сәуір 13, 14:37
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

 Жамбылдық кәсіпкерлер Рамазан айынан бастап  ішімдік сатудан бас тартты  

 Жамбылдық кәсіпкерлер Рамазан айынан бастап  ішімдік сатудан бас тартты  

Сәуір 13, 2021
ғалым

Ғалымдар маңызды мәселелерді талқылады

Сәуір 13, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»