Жатыпатар жаңылтпаш
Жатыпатар жаңылтпаш
171
оқылды
Сары қыз Қарбыз жеді. Сары қыз қарбызды Жалғыз жеді. *** Нұрғали тұрған үй Тұран жақта. Тұран Нұрғали тұрған үй жақта. *** Бұбұл «Тұлпар болам!» деді. Тұлпар «Сұңқар болам!» деді. *** Бұлбұл тұлпар болмай, Бұлбұл  болды. Тұлпар сұңқар болмай, Дүлдүл болды. *** Қара бала Қарағайды аралайды. Арасы  қарағайды Аралауға жарамайды. *** Сары бала Арбаға мінді. Арбаға мінген Сары балаға «Сарнама!» дедік. *** Атама ұнайтын Бота ма? Тайраңдайтын тайлақ па? Мінгенге жақсы Інген бе? Əлде, нар ма? «Нар жолында жүк қалмас», Нардан мықты бар ма! *** Шарханның Шақшадай басы шарадай болды. Шалшыққа аунап, Қара лай болды. Мағазды мазалама, Мағаз қағазға жаза ала ма? Мағаз қағазға жаза алмағасын, Қағаз қайық жасаған Мағазға айып таға алмайық. *** Қанаттың арманын Қанағаттандыра алмадық. Қанағаттандыра алмағанымыз сол- Қалаға аттандыра алмадық. Əрі-бері жүретін, Əбігерленіп үретін Арлан итім «Р-р-р» дейді. Қырық екі əріптің «Р»-дан басқасын білмейді.

Көпен ӘМІРБЕК