Жолбарыстың бұйрығы
Жолбарыстың бұйрығы
– Қаптап кетті тышқандар, Тыпырлатып ұстаңдар – деп Жолбарыс мысықтарға тәртіп берді. Мысықтар да дайын екен, дереу іске кірісті. Қуысты,қолтықты, тінтіп шықты бұрышты.   Жолбарыс нәтижесін білуге Мысықтарды жинады. Жинады да қинады. – Неше тышқан ауладыңдар? –5-еу. – Нешеу? – 5-еу ғой, 5-еу. – Қалғандары қайда? – Көзімізге түспеді. – Бұл мен істейтін іспе еді? Өй, өңшең. Масылдар, пасықтар, жасықтар. Жалқаулыққа бойларың үйренген, Күндерің өтсе көрер ем, тамақ таппай күйбеңмен! – деп Іреді, сойды. Жамандаудан жағы талғасын, қақсап-қақсап қойды.  

Қағаз бен қалам

  – Ойбай, ойбай, бетімді тырнадың. – Осы сенің, таусылмайды ырбаңың. Жазбасам жаз дейсің, Жазсам жазба дейсін. Таб алмадым бабыңды. – Сүйкейсің келіп, сүйкейсің, Шырқыратып жанымды. Жәймен жазсаң болмай ма. – Мән бермеші ондайға. – Әріптерің қисайып, құлап жатыр. Құлағаны еңіреп, жылап жатыр. Айналадан араша, сұрап жатыр. * * * Таласты, тартысты, Демеді ешкім, болды. Ақиқаттан адасып, Кінәламады қолды.

Жеткерген ӘБДІРЕЙҰЛЫ