Оралда газдан уланып көз жұмған тұрғынның денесі табылды
Оралда газдан уланып көз жұмған тұрғынның денесі табылды

Оралда тұрғын үйде газдан уланған ер адамның мәйіті табылды. Бұл жайында БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Оқиға 26 ақпан күні Меловые горки кентінде болды. Сағат 03.10-да 37 жастағы ер адамның денесі табылды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Диагнозы: көмірқышқыл газына улану. Бұл факт жазатайым оқиға ретінде тіркелді», - деді ведомстводан.