Түркістандағы бес адамның өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды
Түркістандағы бес адамның өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды
5,110
оқылды

Түркістан облысы ӨКҚ мәліметіне сүйенсек, құзырлы органдар Түркістандағы қайғылы жағдай себептерін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізіп жатыр. Арнайы комиссия шұғыл брифинг өткізіп, алғашқы мәліметтермен бөлісті.

Оқиға болған жерді тексеру барысында ТЖМ, полиция, газ қызметкерлері жекеменшік үй 3 бөлмелі болғанын, онда ирандық стильдегі пеш орнатылғанын анықтады. Пеш тұрған бөлме үйдің ортасында, екі жағында екі бөлме орналасқан. Бұл туралы құзырлы орган басшылары қатысқан брифингте белгілі болды. Үй табиғи газға қосылған, өрт белгілері анықталған жоқ.

"Тексеру барысында пешке гофрленген бұрма қосылғаны анықталды. Ол пеште жанған қалдықты 1,5 метрде орналасқан қабырғадағы тесік арқылы далаға шығарады. Бұрма 5-7 сантиметр ғана. Күшті жел әсерінен пештегі айналым нашарлаған. Осыдан кейін улы газ үйдің ішіне тараған", - деді облыстық ТЖД басшысы Нұрғали Жүнісов.