АҚШ әрбір тұрғынға 1400 доллардан ақша таратып бермек
АҚШ әрбір тұрғынға 1400 доллардан ақша таратып бермек
5,121
оқылды

АҚШ Конгресінің өкілдер Палатасы Джо Байден әкімшілігі әзірлеген дағдарысқа қарсы шаралар топтамасын қолдады. Бұл құжат ел тұрғындарының әрқайсысына 1400 доллар мөлшерінде жәрдемақы төлеуді қарастырып отыр.

Сондай-ақ коронавирусқа тестілеуге 50 миллиард, ал вакцинациялауға 20 миллиард доллар бөлу көзделген. Жалпы бүкіл бағдарламаға 2 триллион доллар мөлшерінде қаражат жұмсалады. Бұл АҚШ Жалпы ішкі өнімінің 10 проценті. Демократтар осы шараларды бірауыздан қолдады. Ал мұны тым қымбат санаған Республикалық партия өкілдері қарсы дауыс берді. Енді бұл құжаттың тағдырын Сенат шешетін болды.

 - Уақытты текке өткізуге болмайды. Қазір тез әрі табанды қимылдасақ, бұл вирусты жеңе аламыз. Ақырындап экономикамызды да қайта іске қосамыз, -деді АҚШ Президенті Джо Байден.